Докторантураға тапсырушы талапкерге қойылатын талаптар: PhD докторантураға қабылданады: - Магистр академиялық дәрежесі бар адамдар (мемлекеттік білім беру гранты н алу үшін конкурста магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргені жайлы GPA үлгерімдік орта баллы 3,33 (4,0-ден) немесе 90% (100%-дан) кем болмауы қажет); - PhD докторантураға түсемін деуші талапкерлер шет тілін жеткілікті деңгейде білуі қажет.
PhD докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі: 1. Докторантураға түсуші талапкердің құжаттар тізімдемесі. 2. Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша); 3. Жеке куәлігінің көшірмесі; 4. Докторантураға талапкердің сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады); 5. Нотариус куәландырған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломдары мен қосымшаларының көшірмесі; 6. Ұсыныс хат (ұйымның мөрімен расталған); 7. Ғылыми басылымдары мен оқу-әдістемелік құралдарының тізімі; 8. 086-У түрі бойынша медициналық анықтама; 9. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы; 10. Кадр бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі; 11. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.); 12. Жоспарланып отырған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі 13. 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;
Қабылдау емтихандары Докторантураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады: - стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілін (ағылшын, неміс, француз); - мамандығы бойынша. Шетел азаматтары тапсырады: - қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі); - мамандығы бойынша.
PhDдокторантурасына үміткерлердің құжаттарын қабылдау Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2013 жылдың 10 мен 30 шілде аралығында жүргізіледі. Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Жамбыл көшесі 25, № 5, 7, 8 каб.. Тел.: +7(727) 291-18-35, 291-40-85, 293-86-38. Ақылы оқуға қатысты анықтама хабарларды 291-18-35 телефоны арқылы алуға болады. Сайт: www.kaznpu.kz; imid.kaznpu.kz
|