қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.03.2018

 

 

Француз стилист-суретшісі Ламин М мен «Ұлы Жібек жолы» KFW дизайнерлерінің бірлескен көйлектер коллекциясының көрмесі

 

2018 жылы 16 наурызда сағат 17.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде француз тілді елдердің (Франция, Бельгия, Швейцария и Марокко) төтенше және өкілетті елшілері мен музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаеваның қатысуымен Франкофония мерекесіне және Франкофон көктемі-2018-ге арналған баспасөз туры басталып, оның соңы баспасөз конференциясына ұласады. «Ұлы Жібек жолы» көйлектер көрмесінің жабық ашылуы (тек шақырылғандар үшін) сағат 18:00-де болады. Көрме қалың көпшілік үшін 17 наурыз күні сағат 10.00-де ашылады.

 

«Ұлы Жібек жолы» көрмесіне арнап көйлектер коллекциясын француз суретші-стилисі Ламин М мен Kazakhstan Fashion Week дизайнерлері бірлесіп дайындады. Сонымен бірге, бұл жобаға Ерлан Жолдасбеков (бренд YERLAN ZHOLDASBEK), Гауһар Ахметова (бренд KIORI), Эльмира Маемерова (бренд MIREL MARAT), Жарқын Баймаханов (бренд JARKYN BAIMAKHANOV), Алексей Чжен мен Лария Жақамбаева (бренд ONE-TO-ONE), Тамара Ламанукаева (бренд TAMARA LAMANUKAEVA) сынды KFW тұрақты қатысушылары қатысты.

 

Көрме экспонаттары:

«Кешір, Арал» көйлегі, авторы Ерлан Жолдасбеков;
«Таңбалы тас» көйлегі, авторы Ерлан Жолдасбеков;
«Томирис патшайым» көйлегі, авторы Гауһар Ахметова;
«Халықтар достығы» көйлегі, авторы Гауһар Ахметова;
«Бабалар мұрасы» көйлегі, авторы Эльмира Маемерова;
«La soif noire» көйлегі, авторы Жаркын Баймаханов;
«Жиһан кезу уақыты» көйлегі, авторлары Алексей Чжен мен Лария Жақамбаева;
«Амага патшайым», авторы Тамара Ламанукаева.

 

Ламин М кездеме сатумен айналысатын саудагердің отбасында дүниеге келді. Ол жас кезінен бастап киім пішуші шеберлердің жұмысына қызығып өсті. Содан бері киімнің стилі, сұлулығы мен үйлесімі идеясы оның ойынан шыққан емес.

 

Модельер ертеде Франция корольдері жерленген Сен-Дени соборында «Үлкен король көйлектері» деген атпен бірегей жобаны жүзеге асырған болатын. Король көйлектері шындығында, үлкен: биіктіктері екі метрден асады. Олар өткен заманда Собордың алдында жиналып, кездесіп тұрған алып статуялар шеруін еске түсіреді. Суретші әркім өз тарихын ойлап табатын немесе «тоқып шығаратын» Франция мен әлем мәдениетінің әр түрлі тарихи әулеттерін өзара өре отырып, әйелдер тақырыбына мойын бұрды.

 

Осы табысты жобаны одан әрі дамыту мақсатында Алматыдағы Франция Елшілігі мен Француз Альянсы Ламинді М 2016 жылы шығармашылық резиденциямен Қазақстанға шақырды. «Ұлы Жібек жолы» тақырыбына біріккен «үлкен» көйлектердің бірлесіп жасалған жаңа коллекциясы - осы арт-резиденцияның нәтижесі.

Көрмені ұйымдастырушылар: Қазақстандағы Франция Елшілігі, Алматы Француз Альянсы, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі. Көрме 2018 ж. 16 сәуірге дейін өтеді.

 

Аккредитация үшін:

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ баспасөз қызметінің жетекшісі - Клара Исабаева

тел. +7 (727) 394-57-18

e-mail: kasteevmuseum@hotmail.com