|
| |
Студенттік бөлім
Студенттік бөлім Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу басқармасына қатысты, негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. Студенттік бөлімнің құрамы студенттік бөлім бастығы және жеті жоғары білікті мамандар - инспекторлардан тұрады. Аталған бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері төмендегідей:
- барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын қабылдау бұйрықтарына сәйкес алу және тексеру; - студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын тағайындау; - студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Lotus Notes, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ААЖ, Platonus) енгізу; - студенттер қозғалысы бойынша жасалған, сонымен бірге курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу; - бұйрықтардың көшірмелерін студенттік бухгалтерияға, тіркеу бөліміне, әскери есеп бөліміне, директораттар мен факультетке беру; - мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу; - күндізгі және сырттай бөлімдерде мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттердің курс, мамандық және институттар мен факультет бойынша қозғалысына ай және тоқсан сайын есеп беру, жасалған ақпаратты қажетті бөлімдерге ( басшылыққа, қаржылық-жоспарлау бөліміне) беру; - босаған білім беру гранттарының орнына ақылы негізде оқитын студенттерді ауыстыру үшін құжаттарын тағайындау; - басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу; - басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу; - басқа жоғары оқу орнынан келген студенттердің құжаттарын қабылдау; - ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу; - диплом толтыру алдында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын түлектердің іс-құжаттарының толықтығына бақылау жасау; - түлектерге дипломдар безендіріліп толтыру, диплом және академиялық анықтамалар дубликаттарын жасау; - университетті бітіру және оқудан шығу кезінде студенттің жеке іс-құжатынан білім беру туралы құжатын алып беру, түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру; - студенттермен ағымдық жұмыс жасау; - студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау; - директораттар мен деканаттан берілген анықтамалардың растығын тексеру; - кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар, басқа кәсіпорындардан) жұмыс жасау; - бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, сабаққа қатысу журналдары) сұраныс даярлау және институттар мен факультетке беру; - студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу. Студенттік бөлімнің жұмысын басқа бөлімдермен ( тіркеу бөлімі, оқу-әдістемелік бөлімі, білімді ақпараттандыру орталығы, институттар, деканат және ҚР білім және ғылым министрлігімен) сәйкестендіруді жақсарту мақсатында Lotus Notes, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және Platonus бағдарламалары енгізілген. Сонымен бірге университет ішілік жүйе Комфорт іске қосылған.
|