қазақша · русский · english
   
Техникалық құралдармен оқыту бөлімі

 

Коровченко Виктор Николаевич
Техникалық құралдармен оқыту бөлімінің бастығы

Достык, даңғ.13
 291-63-34
TSO@KAZNPU.KZ

 

03-01-04-01 ҚазҰПУ 

оқытудың техникалық
құралдары бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ


ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары) бөлімі оқу басқармасының құрамына кіреді және университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде ол екі негізгі тапсырманы орындайды.
1.Ағымдағы оқу семестрінде кабинеттерде оқу процесстерін қамтамасыз ету үшін лингафон жабдықтарының сақталуын және дұрыстығын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыру.
2.Жалпы университеттік кездесулер, факультет және кафедралық шараларды (конференциялар, мәжілістер, тесттержәне т .б.) техникалық құралдармен (микрофон, музыкалық аппаратура, видеопроектор, ноутбук жәнет.б) қамтамасыз ету.Университеттің конференц - залдары және акт залдары жабдықтарын (Аудио) қосу және жұмыс жасауын бақылау.
Бөлімнің барлық қызметкерлері кабинет бойынша жұмыс жасайды, жабдықтардың жұмысына және оның сақталуына жауап береді, ал жұмыс көлемі лауазымды міндеттермен анықталады және ол оқу жұмыс бойынша оқу басқармасы мен оқу ісі жөніндегі проректордың өкімімен жүзеге асырылады.
2013-2014 ж оқу жылында университетте 14 лингафон кабинеттері жұмыс істейді.

Олар төмендегідей орналастырылған:
Бас ғимаратта - 3 кабинет
Филология және көптілді білім беру институты ғимаратында - 4 кабинет
Жаратылыстану және география институты ғимаратында - 1кабинет
Матеметика, физика және информатика институты ғимаратында - 3 кабинет
Экономика және саясаттану институты ғимаратында - 2 кабинет
Педагогика және психология институты ғимаратында- 1 кабинет

 

Техникалық құралдарды (микрофондар, муз.аппаратуралар, видеопроектор және т.б.)университеттік іс-шаралар кезінде қосу және бақылау, сонымен қатар лингофон жабдықтарының жұмыстарына тесттік бақылауды бас инженерлер З.Бодыбаева, Б. Қалиев және Б. Искалиев ҚР Әнұраны орындалатын құралдардың күн сайын жұмыс күндері таңғы сағат 8.00 қосылуын қадағалайды.