қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.05.2020

Студенттерге арналған американдық кеңес бағдарламалары бойынша вебинар өтті

 

2020 жылдың 22 мамырында Халықаралық ынтымақтастық департаменті American Councils-пен бірлесіп студенттеріне арналған «Халықаралық білім беру бойынша американдық кеңестерінің бағдарламалары» тақырыбында вебинар өткізді.


Вебинар спикерлері - Орталық Азиядағы американдық кеңестердің аймақтық директоры Джессика Леонард, EducationUSA кеңесші Дана Зиябекова, АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестік бағдарламалардың үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев.

 

Іс-шара барысында спикерлер американдық университеттердің гранттық бағдарламалары туралы, қазақстандық университеттердің қазіргі жобалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер (бағдарламалық кеңестер, АҚШ университеттеріне түсу бойынша кеңестер, құжаттар дайындау және т.б.) туралы ақпарат берді.

 

Диалог, сұрақтар мен жауаптар барысында тыңдаушылар бірқатар тақырыптық вебинарға үлкен қызығушылық танытты.