қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Түкебаева Сәулет Аманжолқызы

Түкебаева Сәулет Аманжолқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтын «үздік белгімен» бітірді. 2015 жылы Айматық әлеуметтік - инновациялық университетінің, 6М010300 -Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесіне ие болды. 2023 ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің, 8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының докторантура бөлімінде білім алуда. Тукебаева Саулет Аманжоловна «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдар магистрі.  Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Жұмысқа деген жоғары жауапкершілігі мен жетістіктері үшін бірнеше рет университеттің мақтау қағаздарымен, 90 жылдық, 95 жылдық мерейтойға арналған төсбелгімен  марапатталды. Сонымен қатар университеттің, институттың және кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада  білім алушылардың практикасын жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстарына жауапты.  Жалпы  ЖОО-ғы педагогикалық тәжірибесі - 30 жыл.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау мерзімі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының

Педучилищедегі мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы мен психологиясы оқытушысы

1993

Айматық әлеуметтік - инновациялық университетінің

Педагогика ғылымының магистрі

2015

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1 курс докторанты

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Педагогика ғылымдарының магистрі

Педагогика және психология

01.07.2015

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  (даярлау деңгейі бойынша тізімі)

Бакалавриат:  Зоопсихология, Психология  (Модуль), Білім берудегі психология (Minor).

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету).

Зерттеу тақырыбы: «7-9 жастағы балалардың когнитивтік, коммуникативтік қабілеттерін және эмоционалды интеллектісін диагностикалау және дамыту»

Кіші мектеп оқушылардың когнитивтік қабілеттерін дамыту ерекшеліктері. «EI Umiti қоры» Корпоративтік қоры «Балалар мен жастардың қабілеті мен дарынын диагностикалау және дамытудың өзекті мәселелері» I Халықаралық психологиялық форум - семинар материалдары. Астана,15-16 маусым 2023ж, 53-58 б, ISBN978-601-08-3436-1
Жоғары білім беруді цифрландыру жағдайындағы оқытушының кәсіби қызметінің психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы No2(75), 2023ж. 134 -143 беттер. (Бірлескен: Жүнисова Ж.К. Куанәлі М.А.)
ЖОО студенттерінің эмпатиялық тенденциялары деңгейін зерттеу. Хабаршы «Психология» сериясы №4(73),2022ж.-27-34 беттер DOI: 10.51889/1300.2022.49.88.004 (Бірлескен: Ордагулова Д.И., Мухамеджанова Н.А.)
Психологический метод развития креативного стиля педагога на примере семинара-тренинга. XXI Международной научно-практической конференции «Actual priorities of modern science, education and practice», 31 мая - 03 июня 2022 г., Париж, Франция, ст. 71 -74
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың когнитивтік қабілеттерін психодиагностикалау ерекшеліктері. «Оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I республикалық психологиялық форум - семинар материалдары Астана қаласы 6-7 желтоқсан 2022ж. 107-113бб

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР

1. 7-9 жастағы балалардың когнитивтік, коммуникативтік қабілеттерін және эмоционалды интеллектісін диагностикалау. Оқу - әдістемелік құрал. Екінші басылым. Астана, 2023ж. 75 бет. «EL UMITI» корпоративтік қоры. «Qabilet» қызметі. (Бірлескен: Сатова А.К, Ниетбаева Г.Б., Курманбекова М.Б., Джусупова Г.А., Дауткалиева П.Б)

2. Кіші мектеп оқушыларының когнитивтік, коммуникативтік қабілеттерін және эмоционалды интеллектісін дамыту. Оқу - әдістемелік құрал. Астана, 2023ж. 89 бет. «EL UMITI» корпоративтік қоры. «Qabilet» қызметі (Бірлескен: Сатова А.К, Ниетбаева Г.Б., Курманбекова М.Б., Джусупова Г.А., Дауткалиева П.Б)

3. Диагностика когнитивных, коммуникативных способности и змоционального интеллекта детей 7-9 лет. Учебно - методическое пособия. Второе издания. Астана, 2023г. 81 ст. Корпоративный фонт «EL UMITI».  Служба «Qabilet». (Бірлескен: Сатова А.К, Ниетбаева Г.Б., Курманбекова М.Б., Джусупова Г.А., Дауткалиева П.Б)

4. Өндірістік практика «Психолог әртүрлі әлеуметтік ортада» 5В050300 -«Психология» мамандығына арналған оқу - әдістемелік құралы. Алматы, 2017. 32 бет. (Бірлескен: Сатова А.К, Конысбаева А.Б)

 

ПАТЕНТТЕР МЕН АВТОРЛЫҚ КУӘЛІКТЕР
1. Авторлық әдістеме «Фигуралар жұбы» 15.04.2022 №25144

2. Авторлық әдістеме «Коммуникативті тапсырмалар түсінігі». 19.04.2022. №25255

3. Авторлық әдістеме «EQ - IQ -ден де жоғары». 05.05.2022. №25850

4. Авторлық әдістеме «Smart -Коммуникатор». 05.04.2023. №34348

5. Авторлық әдістеме «Күн мен кемпірқосақ». 21.04.2023. №35039

6. Авторлық әдістеме «Оюлы құрақ көрпе» - квест дамыту ойыны. 05.03.2023. №33392

(Бірлескен: Сатова А.К, Дауткалиева П.Б) «El Umiti» қоры»

 

МАРАПАТТАРЫ

Алғыс хат: Алматы қаласындағы, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің психологтарымен практикалық дайындықты өткізуге көмек көрсете отырып, білікті кәсіби маман даярлауға қосқан үлесім үшін қолбасшы генерал - майорТ.Әміреевтің алғыс хатымен марапатталды. (2023)

Педагогикалық практиканың жоспарлануы мен ұйымдастырылуына қосқан үлесім үшін №185 ЖББМ, №102, №53 мектеп - гимназиясынан алғыс хатпен мараппатталды.(2022)
«EI Академиясы» Корпоративтік қорынан «Qabilet қызметі» жобасын жүзеге асыруға қосқан үлесім үшін Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаевадан алғыс хатпен мараппатталды.(2022)
«С.Тукебаев атындағы Еңбек орта мектебінің» 100 жылдық мерейтойына қосқан үлесім үшін, ШКО, Катонқарағай ауданының әкімі Д. Қалиқан алғыс хатпен мараппаталды. (2022)
Әскери бөлімі жеке құрамын тәрбиелеу ісіне үлкен үлесі мен ерен еңбегі үшін 3650 әскери бөлім командирі Б.Айтмбетовтің алғыс хатымен марапатталды. (2022)

 

 


← Кері оралу