Негізгі бет
Жаңалықтар
18.06.2020 «Инклюзивті білім беруді әдістемелік сүйемелдеу» вебинары
2020 жылы 17 маусымда ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы жанында жұмыс жасайтын инклюзивті білім беру бойынша виртуалды зертхананың кезекті «Инклюзивті білім беруді әдістемелік сүйемелдеу» вебинары өтті. Вебинар модераторы - ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры З.А. Мовкебаева болды.
Төртінші вебинардың спикері - Исмагулова Светлана Кужаковна, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының жетекшісі. С.К. Исмагулованың баяндамасы аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды, баяндаманың соңында қатысушылар сұрақтар қойды, ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне қосу кезінде туындайтын мәселелерді қызу талқылау жүргізілді.
Вебинар жұмысына Белорусь және Украина мемлекеттерінен инклюзивті білім беру саласындағы мамандар, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың әкімшілігі мен мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы және т.б. қатысты.
Вебинар 2020 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы КазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі аясында ұйымдастырылды.
|