қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.06.2020

Алматыда пандемия кезінде ҰБТ тапсыру пункттерінің дайындығы қандай?

 


 

21 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтеді. 235 адам тест тапсыратыны аян, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Оқушылар мен тәрбиеленушілерлің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сонымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

 

Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған:

-Баррикадалық шектеу ленталары орнатылған және тест тапсырушылар арасында кем дегенде екі метр қашықтық сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есе аз болмақ, ол үшін 15 аудитория әзірленген;

-Тепловизорлар;

-Бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы;

-Тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар;

-Дезинфекциялау тунелі;

-Жедел медицина көлігі;

-Дензинфекциялық кілемшелер;

Қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер;

-Санитайзерлер;

-Медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры;

-Мемлекеттік комисиия мүшелері үшін маскалар.

 

Сонымен бірге, барлық аудиторияларда бейнебақылау камералары орнатылған.

 

 

 

Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады.

 

Еске сала кетейік, Алматыда барлығы 14 972 адам тест тапсырады деп жоспарлануда, соның ішінде 9 047 -сі(97%) биылғы жылдың түлектері болса, 5 925-і өткен жылдардың және колледждердің түлектері.

 

 

 

21.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz