Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
29.06.2020 Психолог кеңесі: Мамандықты қалай таңдау керек?
Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқияттылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.
Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Мамандық таңдауда ата-аналар, туыстар мұғалімдер және таныс адамдар көмек көрсете алады. Бірақ, әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін жақсы біледі.
Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ, жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.
Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.
Мамандық таңдауда жіберілетін қателер: - Беделді кәсіптердің жетегінде кету; - Ата-анасы үшін мамандық таңдау; - Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі; - Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау; - Басқалар не таңдаса, соны таңдау; - Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау; - «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.
Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек? 1. Балалық шақты еске алыңыз. Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?
Холериктерге циклдік жұмыстар ұнайды. Мұндай жұмыстар оларға табыс әкеледі.
Флегматик кез келген әрекеттерді үнемі жылдам орындауды талап етпейтін оқу және өндірістік жұмысқа бейімді. Олар үшін ең бастысы жылдамдық емес,жұмыс сапасы тұрады.
Меланхолик сангвиникаға толық қарама-қарсы. Сонымен қатар, оның жұмыс өнімділігі көңіл-күйге толығымен байланысты. Сондай-ақ, таңдау кезінде қандай мамандар қандай да бір салада сұранысқа ие болатынын ескеруді ұмытпаңыз.
Егер сіз педагог мамандығын таңдаған болсаңыз, мұғалім мамандығы туралы ақпаратты еліміздің жетекші жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сайтынан ала аласыз.
29.06.2020 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |