қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.04.2018

«Қазіргі Қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістерін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция

 

2018 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың « Ғылым-2018» Декадасы аясында тарихты оқыту әдістемесіне арналған «Қазіргі Қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістерін дамытудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Конференцияны ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық институтының тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:
1. Қазақстан Тарихын оқыту және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы негізінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»;
2. Заманауи қазақстандық білім беруді жаңғырту кезеңіндегі тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі;
3. Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерді оқытудың жаңартылған бағдарламасы;
4. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тарих ғылымының орны мен рөлі;
5. Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерді оқытудағы инновациялық және ақпараттық педагогикалық технологиялар;
6. Тарих және қоғамдық пәндер қызметтерінің заманауи оқу-әдістемелік нұсқаулығы;
7. Тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері;
8. Қашықтықтан оқыту технологиясы: тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда оларды қолдану шеберлігі;
9. Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда бағалауға бағдарланған тәсілі;
10. Тарих оқулығын құрудың методологиясы.

Конференцияға қатысушылардың жұмыс құрылымы: пленарлық, секциялық, сырттай қатысу.

Конференция жұмысы: қазақ, орыс тілдерінде.


Өткізілетін уақыты: 10 сәуір 2018 жыл, сағат 10:00


Конференцияның өткізілетін орны: Алматы қ. Жамбыл көшесі №25, Ш. Уалиханов көшесі қиылысындағы ғимараттың 2 қабаттағы мәжіліс залында


Тарихты оқыту әдістемесіне арналған «Қазіргі қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқытудың әдістерін дамытудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция қорытындысы баспадан жинақ болып шығады.

 

Ақпараттық хат