қазақша · русский · english
   
Денсаулық сақтау пункті

 

 Тоқтабаева Сандуғаш Уалханқызы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі

Алматы қаласы, Төле би, 35, №1 жатақхана
 293-96-55

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың күндізгі бөлімінде білім алатын студенттер Алматы қаласының студенттік емханасында қаралады. Университет аумағында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне алғашғы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау пункті орналасқан.


Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундықпрофилактика, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу Денсаулық сақтау пунктінің жетекші міндеттері болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Денсаулық сақтау пункті студенттер мен магистранттарға медициналық көмек көрсету мақсатында құрылған. Өзінің қызметінде Денсаулық сақтау пункті ҚР Конституциясын, ҚР құқықтық - заңнамалық актілерін, ҚР денсаулық сақтау ұйымдарының заңнамаларын басшылыққа алады. Өзінің жұмысын Студенттік емхананың бас дәрігері бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
05.09.2011 ж. медициналық қызмет көрсетуге №0163059 мемелкеттік лицензиясы берілген.

 

Денсаулық сақтау пунктінің қызметі:

  • Профилактикалық егуді жүргізу;
  • Жұқпалы аурумен ауырған студенттерді бақылау;
  • Студенттік емхананың бас дәрігерімен бекітілген кестеге сәйкес студенттерді қабылдау;
  • Созылмалы аурулармен «Д» тіркеуде тұрған студенттерді бақылау;
  • Нашақорлық мен ЖҚТБ/АҚТҚ-ның, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алу бойынша студенттер арасында санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Жатақхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауда ұстау.

Денсаулық сақтау пунктінде студенттерді қабылдау үшін:

 

  • Терапевт - дәрігер;
  • Гинеколог - дәрігер жұмыс жасайды

 

 

Денсаулық сақтау пунктінде төмендегідей кабинеттер жұмыс жасайды:

  • жедел жәрдем келгенше студенттерді жекелеп ұстайтын жеке бөлме;
  • жас бойынша екпе мен дәрігерлер тағайындаған емге арналған емшара бөлмесі.