Негізгі бет
Жаңалықтар
09.07.2020 «Инклюзивті білім беруді әдістемелік сүйемелдеу» вебинары
2020 жылдың 8 шілде күні ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы жанында жұмыс жасайтын инклюзивті білім беру бойынша виртуалды зертхананың кезекті вебинары өтті.
Вебинар тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін қашықтықтан оқыту: тәжірибе, проблемалар, перспективалар». Вебинар модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры З.А. Мовкебаева.
Вебинардың спикері - Мәскеу мемлекеттік психология-педагогикалық университеті психология және педагогиканы қашықтан оқыту кафедрасының профессоры, белгілі ресейлік ғалым Броний Аймонтас. Профессор Аймонтастың баяндамасы аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды. Баяндама соңында қатысушылар сұрақтар қойып, көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған студенттер үшін қашықтан оқытуды ұйымдастыруда туындайтын мәселелер туралы қызу пікірталас болды. Вебинар соңында қатысушылар спикерге өзінің жоғары кәсібилігін, ашықтығын, парасаттылығы мен белсенді азаматтық ұстанымын атап өтіп, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Вебинар жұмысына Белорусь және Украина мемлекеттерінен инклюзивті білім беру саласындағы мамандар, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың әкімшілігі мен мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
|