қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.07.2020

Такир Балықбаев: Басымызға түскен сынақтарға байсалдылық пен табандылық танытуымыз керек

 


 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға коронавирус індетінен қалыптасқан жағдайға байланысты кезекті мәрте Үндеу жолдады. Президент жағдайды тұрақтандырудың алғашқы белгілері бар екенін атап өтті. Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші болатыны анық. Мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда және бұл шешімдер сөзсіз дұрыс, - деп жазады Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, ғалым Такир Балықбаев фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде Қазақстанда пандемия құрбандарын Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл - өте маңызды шешім, құрбандарды еске алып, аза тұту - халқымыздың дәстүрі және өмір жалғасуының белгісі. Бұл аурумен күрестің алдыңғы қатарында тұрған дәрігерлер өмірді сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қабылданған шаралар мен медициналық қызметкерлердің ерлігінің арқасында жазылып шыққан адамдар саны айтарлықтай өсті. Алайда, бұл індет әлі де жалғасуда.

 

Сондықтан барлық азаматтарды карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын: індетке қарсы күрестің тиімділігі, ең алдымен, барлық адамдардың саналы әрекеттері мен жауапкершілігіне байланысты. Барлық шектеулер мен ережелерді қатаң орындау тек Сіздің ғана емес, жақын туыстарыңыз бен достарыңыздың өмірін сақтап қалатынын есте ұстаңыздар. Біз бұл кезеңде басымызға түскен сынақтарға байсалдылық пен табандылық танытуымыз керек. Аман болыңыздар және дендеріңіз сау болсын!

 

 

09.07.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz