қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.03.2013

2013 жылдың наурыз айының 11-12 жұлдызында Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және "Дарын" Республикалық ғылыми- практикалық орталығы XXV Азия-Тынық мұхит (АТММО) және XII «Жібек Жолы» (ЖЖМО) математикалық олимпиадаларын өткізеді.

АТММО-на 38 мемлекет қатысады: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пакистан, Панама, Перу, Филиппины, Пуэрто-Рико, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікыстан, Тайланд, Тринидад және Тобаго, Түркменыстан, АҚШ, Гондурас, Оңтүстік Африка, Түркия, Уругвай.

ЖЖМО-на Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан мемлекеттер қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Азербайжан, Қытай және басқалар.

Бұл халықаралық математикалық олимпиада қашықтықта өткізіледі. Яғни жергілікті ұйымдастырушы комитеттер алдын-ала координаталық комитеттер қатысушыларынан есептің шартын және бағалау критериін алады, сонымен қатар бір уақытта әрқайсысы өз мемлекетінде осы олимпиаданы өткізеді. Қашықтықтан өткізу олимпиадасы көптеген мектеп оқушыларына халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.