қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.08.2020

«ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді оқыту» вебинары

 

Инклюзивті білім беру бойынша виртуалды зертхананың алтыншы вебинары 2020 жылдың 30 шілдесінде өтті. Вебинар тақырыбы - «ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді оқыту». Вебинар модераторы - ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А. Мовкебаева.

 

Вебинарда келесі мәселелер қаралды:

1. «Мүгедектігі бар студенттерді қашықтан оқытуды ұйымдастыру». Спикер - ҚР ЖОО үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Зульфия Мовкебаева.

2. «Көру қабілеті нашар адамдармен өзара әрекеттесудің инклюзивті мәдениеті». Спикер - Алматы қ. Алмалы ауданы көру қабілеті нашар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесші, Алматы қаласы ҚҚБ тифлоқұралдар жөніндегі комиссия мүшесі Мадьяр Жанысбаев.

3. «Университетте қол жетімді ақпараттық ортаны құру: негізгі қадамдар мен әдістерге шолу». Спикер - Nazarbayev University Information Services ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджер Зият Абдыкаимов.

 

Спикерлердің баяндамасы аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды, баяндама соңында қатысушылар сұрақтар қойып, жоғары оқу орнында мүгедектігі бар студенттерді оқыту кезінде туындайтын мәселелер қызу талқыланды.

 

Вебинар жұмысына Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің әкімшілігі мен педагогтары, ҮЕҰ өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

 

Вебинар 2020 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы КазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі аясында ұйымдастырылды.