Негізгі бет
Жаңалықтар
05.08.2020 «Цифрлық педагог - 2020» Жазғы мектебі
Абай атындағы ҚазҰПУ «Цифрлық педагог-2020» Жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды. Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаеваның жетекшілігімен «Білім берудің цифрлық трансформациясы» курсының үздік түлектері арасынан тәлімгерлер тобы құрылды. Қашықтан оқытуға көшу және нәтижелі онлайн-оқытуды ұйымдастыру мақсатындағы өткізіліп отырған іс-шараға Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары белсенді қатысты.
Жазғы онлайн-мектебіне қатысушылар цифрлық құралдармен (DownSub, Advego, Dandelion, Алот, CoreApp, Zoom, GoogleMeet, OBS-Studio, Edpazzle, QuizLET, Quizzz, Kahoot, Socrative) жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, үйренді: түрлі платформаларда бейне-дәрістер жасауды уйренді; мультимедиа элементтерін пайдалана отырып, түрлі серверлерде сабақ өткізуді; цифрлық іздерді қадағалауды; виртуалды зертханаларда эксперименттер жүргізуді; тестілер жасауды және цифрлық платформалар мен рефлексия жүргізуді; цифрлық платформаларды қолдану; мәліметтерді талдау және рубрикаторларды қалыптастыру және т. б.үйренді.
2020 жылдың 30 шілдесінде келесі тақырыпта жобалау жұмыстары қорғалды. ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары келесі топтарда белсенділік көрсетті. 1-топтан Жаңбырбаева Қ., жоба тақырыбы: «Абайдың «Толық Адам» іліміндегі тағылымдық қағидаттарда зерделеуі», 5-топтан Пернебекова А.К.,Бейсенова Қ.Ш., жоба тақырыбы: «Виртуалды аудитория», 7-топтан Джунусова С.М., жоба тақырыбы: «Қашықтан оқыту жағдайындағы Цифрлық мәдениет», 11- топтан Таубаева Г.З., Абдулаева Ж.А., жоба тақырыбы: «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде», 12 топтан Оразбаева Х.К., Қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру».
ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары курс бағдарламасын сәтті меңгеруде курстың тиімді ұйымдастырылуының, жоғары біліктіліктің, тәлімгерлердің мәдениеті мен қамқорлығының, қатысушылардың корпоративті рухының әсері мол екенін айтады және Жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдіреді.
|