қазақша · русский · english
 
 
 

 

Педагогика және психология кафедрасында бірлескен оқу іс-шараларын жүзеге асыру бойынша келесі халықаралық жобалар жүзеге асырылуда:

- Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей). Жоба магистранттарға арналған «Педагогикалық өлшемдер» білім беру бағдарламасы бойынша табысты жұмыс істейді;

- Джокьякарта мемлекеттік университетімен (Индонезия) зерттеу, білім беру және кәсіби бағдарламаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастық.

 

2022 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ағылшын тілінде білім берудегі менеджмент» докторантурасы жүзеге асырылуда.

 

Педагогика және психология кафедрасы Visiting Professor бағдарламасы бойынша тәжірибелі шетелдік профессорлармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасайды: Ресейдің Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінен (С.В.Вачкова, О.Агеева, И.Б. Шиян); Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей (Дроботенко Ю.Б.); Профессор Брури Трионо, Джакарта мемлекеттік университеті (Universitas Negeri Yogyakarta, UNY, Индонезия); Ресей білім академиясының академигі Гриншкун В.В. (Ресей, МГПУ); Түркияның Кочман университетінің профессоры Г.Себахатин және т.б.

 

Кафедра оқытушылары сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Германия, Индонезия, Түркия және т.б. елдерге ғылыми іссапарларға барады. Академиялық ұтқырлық аясында педагогика және психология кафедрасының бакалаврлары, магистрлері, докторанттары да сыртқы акдемиялық бағдарламасына қатысады.