қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.08.2020

Жазғы мектеп 2020

 

Жаз мезгілі-тілдік дағдыларды жетілдірудің ең жақсы уақыты. Бұған шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының жазғы тілдік курсының дәстүрлі ұйымдастырылуы дәлел бола алады. Биылғы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты жазғы тілдік мектепте оқыту онлайн-форматта өтті. Мұндай формат оқытушылар мен тыңдаушыларға оқу процесіне жаңа цифрлық технологияларды игеруге және енгізуге мүмкіндік берді. Жылдан жылға шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының жазғы тілдік курстарының бағдарламасы жетілдірілуде, жаңа әдістемелермен және қызықты оқу материалдарымен толықтырылуда, - курсты меңгеруді жеңілдету үшін және сонымен қатар қазақ және орыс тілдеріндегі білім мен алған қарым-қатынас дағдылары тұрғысынан одан да жоғары дамуда.