қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын кеңінен насихаттау аясында қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында ұйымдастырылған жалпыуниверситеттердің «Денсаулық күні» спортакиадасының III орын иегері Сахиева Л.Н. Кросс жугіргеннен марапатталды.

 

 

 

 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дөңгелек үстел

           Педагогика және психология кафедрасында   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын, «Жолдаудың негізгі ережелерін» талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттердің ой пікірлерімен бөлісу, жолдаудың орындалуына ат салысуға ықпал ету, қолдау көрсету, өз Отандарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: 2, 3, 4 курс студенттері,оқытушылар
Баяндама оқығандар:  Алпысбаева Асель, Дулатова Назыгуль,Аман Арайлым.

 

   18.04.2017 жылы сағат 14.00 Педагогика және психология кафедрасының PhD докторы А.М. Усенова Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенттеріне «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінен «Орта және жоғары буындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемдері мен процедурасы» тақырыбында ашық-семинар сабақ өткізді. Аққенже Мукановна семинар сабақ барысында түрлі инновациялық технологияларды пайдалана отыра, бағалаудың түрлі өлшемдік технологияларын студенттерге түсіндіріп қана қоймай, бағалаудың түрлерін жасата білді.

          Кафедра ұжымынан психол.ғ.к., доцент Сәрсенбаева Л.О және психол.ғ.к., доцент Ибраимова Ж.К қатысты.

 

 

 

Магистранттардың педагогика ғылымдары бойынша республикалық олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті

     Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистранттардың педагогика ғылымдары бойынша республикалық олимпиадасының салтанатты ашылуы 2017 жылдың 10 сәуірінде өтті. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 13 команда бағын сынамақ. Магистранттардың республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырып отырған, Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы. 5 кезеңнен тұратын Олипмпиада сәуірдің 10-12 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты университетіміздің оқу ісі проректор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызының және Педагогика және психология институтының директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлының құттықтауымен ашылды.

 

 

 

 

 

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ  ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР  ОЛИМПИАДАСЫ 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты,  «Педагогика және психология» кафедрасының 3 курс студенттері  Республикалық пән олимпиадасында жүлделі 3-орынды иеленіп, түрлі сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Философия және саясаттану факультетінде 2017 жылдың 29 наурызында  өтті. Еліміздің 11 ЖОО ішінен топ жарып шыққан Олимпиада жеңімпаздары Айтуған Ақерке, Абдолдаева Мәншүк, Себеш Айбек және Ахмет Меруерт.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Булатбаева Айгүл Әбдімажитқызы жүлдегерлерді марапаттау рәсімінен

Педагогика және психология институтының директоры Әлмұхамбетов Б.А және Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әбдіғапбарова Ұ.М жүлдегерлерді құттықтау сәтінен

 

Педагогика және психология кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмыстары

№1 Алматы мемлекеттік гуманитарлық колледжінде 2017 жылдың 1 наурыз күні сағат 11.00 де Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Педагогика және психология кафедрасы «Бүгінгі жас ұстаз - болашақ білікті маман!» тақырыбында семинар-конференция өткізді.

Конференцияда "Педагогика және психология" мамандығы таныстырылды. Іс-шара соңында профессор-оқытушылар студенттердің түрлі сұрақтарына жауап берді.

 

«Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі

«Жетім көрсең жебей жүр» дегендей, қазақ халқы жетімін жылатпаған халық. Осыны ескере отырып, Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Университетінің Педагогика және Психология институты, Педагогика және психология мамандығының студенттері мен магистранттары және оқытушылар № 1 мамандандырылған балалар үйіне «Жүректен- жүрекке» деген қайырымдылық шарасымен барды. Бұл жерде бір жастан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Осы тұста балалардың көңілін көтеру мақсатында түрлі психологиялық ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларға жәрмеңкеде жиналған қаржыға түрлі тәттілер мен мектепке қажетті заттар тарту етілді.

 

 

 

 

 

 

«Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі

 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, жетім балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқажолдармен де қайырымдылықжасау - борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қолұшын созбасқа?!

Осыған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұ.М. және кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар «Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде қолдан пісірілген тағамдар, тәттілер, моншақтан жасалған бұйымдар, әшекейлер сатылды.Бұл жәрмеңкеге магистранттар мен студенттер ат салысты. Сонымен қатар, оқытушылар тарапынан да үлкен көмек көрсетілді. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы балалар үйіне көмек ретінде берілетін болады. Осындай қайырымдылық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

№ 8 жатақханада 16 желтоқсан күні «Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім» атты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізім, кезекті кезекшілігімді атқардым. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі, оның негізгі кезеңдері туралы студенттерге терең мағлұматтар бере отырып, өз туған елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру. Дөңгелек үстелге 2, 3 - курс студенттері қатысып өз ой пікірлерін ортаға салды.

 

Ыдырыс Айнұр «Қарым - қатыныас» тренингін ұйымдастырып өткізді.

 Тренингтің мақсаты: Студенттерге жағымды көңіл күй сыйлау, қарым- қатынастың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

 

«Деңсаулықпен достасу, табиғатпен сырласу»

 

Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Университеті, Педагогика және психология институты, Педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранттары «Денсаулықпен достасу, табиғатпен сырласу» атты іс-шара өткізді. Іс-шара мақсаты:табиғат аясында топпен бірге тиімді уақыт өткізу. Есік қаласындағы мемлекеттік «Алтын адам» мұражайына соғып, тарихымыздың куәгері болып қайтты. Осы күн ішінде табиғат аясында кереметтей сәттерді басынан өткеріп, топ қарым-қатынасын нығайту үшін түрлі психологиялық ойындар ойнатылды.

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«Педагогика және психология » кафедрасының өткізген мерекелік іс-шаралары

 

Педагогика және психология мамандығының 2-курс студенттерімен тәрбие жұмыстары оқу жылының басында бекітілген тәрбие жоспары бойынша жылдық жоспарда көрсетілген тақырыптық тәрбие сағаттары аптаның төртінші күндері студенттердің ұжымдық жұмыс іс-әрекеті негізінде ұйымдастырылып өткізіліп отырады. Топта өткізілген тәрбие сағаттары: «1 - қыркүйек -Білім күні» мерекесіне орай университет жиынына топ студенттерімен бірге қатыстық, «Жатақхана мен студенттердің қамтылуы, жатақхана ережесі тәртібі және орындалуын қадағалау» мақсатында арнайы студенттермен ашық әңгіме жүргіздім, сондай - ақ студенттердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында, орыс бөлімдерінде «Өркениет өрісі мемлекеттік тіл» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттарын өткіздік. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты ұстаздар күніне орай ұйымдастырлыған мерекелік іс - шараға топ студенттері қатысты.

«Алматы қаласына 1000 жыл» толуына орай ұйымдастырлған ашық тәрбие сағаты болды. Мақсаты: Алматының тарихы мен таныстыру, қаланың өркендеуіне студенттердің өз үлесін қосуға баулу, аңызға айналған Алматы шаһарының көз тоймас келбетін көрсету және таныстыру. 17 қараша халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды.

Алматы қаласының әкімдігі, университетіміздің тәрбие басқармасы, Абай көшесі, Алматының 1000 жылдығына арай ұйымдастырлған мерекелік іс шараға топ студенттері белсенділік танытып ат салысты, толықтай қатысты. Абай өлеңдерімен сусындап қайтты.

 

 

Университет бойынша ұйымдастырылған сенбілікке қатыстық.

 

 Педагогика және психология кафедрасының аға окытушысы Джаксынкаева Ж. 31.03.2016 күні 1 курс студенттерімен "Темперамент" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Темпераменттің типтерін ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып білу және анықтай алу. Өткізілген сабақтың жоспары 

 

2016 жылдың 25-ақпанында сағат 12.00 -де педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы, п.ғ.к. Т.Н.Жүндібаеваның «Педагог-психологтарды даярлау үрдісінде интербелсенді әдістерді пайдалану» пәні бойынша 6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы, 1 курс магистранттарымен «Интербелсенді әдістемеде білім алушылардың білімін бағалау мәселесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

 

2015 жылдың 2 -4 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында белгілі ғалым, педагог-гуманист Бейсенбаева Аида Аршабекқызын еске алуға арналған апталық өтті. Апталық Ғалымның есімі берілген дәрісхананы салтанаты түрде ашылудан басталды. Бейсенбаева Аида Аршабекқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор барлық саналы ғұмырын Қазақстан ғылымы мен білімінің дамуы мен мамандар даярлау жүйесіне арнады. Ғалым педагогика ғылымдарының 40 кандидатын, 9 докторын, 2 философия докторын дайындап шығарды; 200-ден аса (монография, оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми- әдістемелік мақалалар, бағдарламалар) еңбектері жарық көрген.
Дәрісхананы Бірінші проректор, профессор Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы мен тәрбие ісі жөніндегі проректор Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы ашты. Іс-шара барысында Аида Аршабекқызының Қазақстан ғылымына қосқан үлесі туралы Педагогика-психология институтының директоры Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы,педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбдіғапбарова Ұ.М., әріптестері профессор Тұрғынбаева Б.А., профессор Хан Н.Н. баяндады. Сонымен қатар іс -шараға ғалым Бейсенбаева Айда Аршабекқызының ұлы Нұрғалым мен қызы Жанар Өміралиевтер қатысып, дәрісханаға құнды кітаптар жиынтығын сыйға тартты.

   

 

02. 12. 2015 ж п.ғ.д., профессор Б.А.Тұрғынбаева «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері пәні бойынша» «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппараты» тақырыбында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттарымен шеберлік-сыныбын өткізді.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» және АК технологияларды қолдану негізінде ұйымдастырылған семинарда магистрантардың топтық жұмыстары презентациялар түрінде қорғалды. Шеберлік-сынып барысында ғылыми зерттеудің тақырыбы мен болжамын тұжырымдауға, мақсаты мен міндеттерін анықтауға, нысаны мен пәнін тұжырымдаудағы қателіктерді табуға берілген тапсырмалар орындалды.

Проблемалық сұрақтарға жауаптар, араласқан элементтерді логикалық жүйеге келтіру сияқты жұмыстар жүргізілді. Білім алушылардың әрекетін белсендіру үшін «фишбоун», «интеллект карта» әдістері пайдаланылды. Кері байланыс кезеңінде орындалған суретті тапсырмада магистранттар қарастырылған мәселе бойынша ой қорытындылар мен тұжырымдар жасады. Шеберлік-сыныпта магистранттар пән бойынша алған әдіснамалық білімдерін, оларды тәжірибеде қолдану біліктерін көрсете алды. Күрделі тақырыптағы терең теориялық материалды талдауды тартымды, шығармашылық деңгейде ұйымдастыра білген ғалым-ұстазға қатысушылар ризашылығын білдірді.