қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.04.2011

19.10.2010 ж. сағ 14.00-де ХБФ-нің № 422 ауд. Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы факультеттік «Студент жастар-саламатты өмір салты үшін және ВИЧ/СПИД-ке қарсы!» атты тәрбиелік шарасын өткізді.

Аудитория тақырыпқа сай көрнекі құралдармен безендіріліп, мультимедиялық диапроектормен жабдықталған, интерактивті тренинг өткізу қондырғысы орнатылды. Осы іс шараға байланысты жауапты анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Ш.А. Балғынбеков өз баяндамасында «Жаңа ғасыр індеті» туралы, соның ішінде ВИЧ/СПИД індеті туралы, пайда болу тарихы, ауру қоздырғышының қасиеттері, эпидемиологиялық ерекшеліктері мен алдын алу жолдары туралы мәліметтермен таныстырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының мамандары А.Т. Шайкенова, Н.Л. Сулейманова, Е,К.Булигина интерактивті түрде тренинг өткізді. Баяндамадан соң "Қыз есейген кезеңде" атты видеофильм көрсетілді.

Шараның соңында факультет деканы қорытынды сөз сөйлей отырып шараны өткізген анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымына алғысын айтты.