қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.08.2020

Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата заң!

 

2020 жылдың 28 тамыз күні Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай, «Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата заң!» Zoom платформасында онлайн іс-шара өтті.


Іс-шара қонақтары Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, география, экология және туризм кафедрасының доценті, жазушы, ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі - Қастер Сарқытқан, профессор-оқытушылар және кафедра меңгерушілері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы Мунира Балметова және де басқа белсенді мүшелері, институттың студенттері қатысты.


Мерекелік шараның алғы сөзі институт директоры Куляш Каймулдинова берілді. Институттың белсенді студенттері, соның ішінде Арын Ләззат, Хадича Адилова, Азат Шыңғысбекұлы, Гаухар Сатыбалдиева, Аружан Абубакир түрлі өлең жолдарын оқып, әндерін орындады. Сонымен қатар, студенттер Ата заңымызға байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін дәлелдеді.


Шара соңында Жаратылыстану және география институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов кешті қорытындылады. Мерекелік онлайн іс-шараны «География-тарих» мамандығының 2 курс студенті Нұртілеу Мизамбайұлы жоғары деңгейде жүргізді. Біздің Ата Заңымыз дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Негізгі Заңға құрмет таныту - біздің ортақ парызымыз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Жаратылыстану және география институты