қазақша · русский · english
   
Шетелдік студенттерге

Мемлекет: Қазақстан Республикасы 1991жылы тәуелсіздігін алды. Астанасы- Астана қаласы. Тұрғылықты халқының саны 15 млн (57 пайызы қазақтар, 30 пайызы орыстар, 4 пайызы немістер, 3 пайызы украйындар және т.б да ұлттар мекен етеді. Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев.

Тіл: мемлекеттік тілі қазақ тілі, түркі тілдері тобына енеді, және  қырғыз, өзбек түркімен, түрік тілдерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде үкімет орыс әліпбиін латын алфавитінің түрікше нұсқасына ауыстырып беруді өз міндетіне алды. Дегенмен орыс әліпбиі қазіргі уақытта кеңінен қолданылуда, көбінесе қала тұрғындары бір-бірімен орыс тілінде сөйлеседі,ал ауылдық жерлердегі халықтар арасында  қазақ тілінің қаймағы әлі бұзылмаған, кейінгі жастар сонымен қатар туризім саласында жұмыс істейтін адамдар ағылшын тілінде жиі сөйлеседі. Ұйғыр және басқа аймақтың тілдері мен диалектілері сөз арасында қолданылады.

Уақыт:  Қазақстан үш сағаттық ендікке бөлінген.

Шығыстық аймақ (mine zone) (Алматы, Астана, Қарағанды) :GMT +6

Орталық аймақ ( Шымкент): GMT +5

Батыстық аймақ (Атырау, Ақтау): GMT +4

 

Күні: Жұмыс аптасы дүйсенбі және жұма аралығы.  Мемлекеттік ұйымдар және университеттер  демалыс күндері жұмыс істемейді, дегенмен дүкендер, түрлі қызмет көрсету  орталықтары жұмыс жасайды. Мемлекеттік немесе халықаралық мереке күндері  (8-наурыз, 22-наурыз, 1-мамыр, 9-мамыр, 30-тамыз, 25-қазан, 16 және 31-желтоқсан,1-қаңтар)  демалыс. 

Электр энергиясы:  Айналмалы ток 250Вт, 50Гц. Сіз акумляторларды көбнесе қарапайым магазиндерден сатып алуыңызға болады.

Тамақтану және сусындар: Қазақ асханасының сіздің өміріңізге пайдасы зор. Ұлттық  тағамдар түрлері өте көп: қазы, қуырдақ, бешбармақ, қымыз, шұбат және  палау. Айта кету керек Алматы Орталық азиядағы батыс қалаларының бірі болып табылады, мұнда әр елдің асханаларының ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамханаларда жеткілікті.

Көлік жүргізу: Қазақстанда жол қозғалысы оң жақтылы ( оң жақты қозғалыс). Көбнесе шетелдік көлік жүргізу куәліктері біздің елімізде аудару нотариалды бекітілген болса ғана жарайды. Көлік жүргізу кезінде сіз стрестік жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Көлік жүргізушілер мен жаяау жүргіншілердің бәрі бірдей жолда жүру ережелерін сақтай бермейді. Алматы қаласында және басқа да ірі қалаларда час пик уақытында үлкен жол кептелісі орын алуы мүмкін.

Медициналық сұрақтар: Қазақстанда медициналық жәрдем көрсету батыс елдеріне қарағанда төмендеу, дегенмен кейбір төтенше жағдайларда өз көмектерін беріп жатады. Егер сіз Қазақстанға келер алдында өзіңіз жұмыс жасайтын мекемеден медециналық сақтандыру алатын болсаңыз тіпті жақсы болар еді.

Ақша: Ұлттық валютасы теңге(KZT). Қазіргі уақытта теңге  АҚШ –тың долларымен байланысты. АҚШ- тың бір доллары -150 +/-5. Валютаның айналымдағы соңғы бағалары Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің веб- сайттарынан танысуыңызға болады. Қазақстан эканомикасы белгілі дәрежеде ақшалы болып табылады, мұнда төлемдердің барлығы нақты теңемен жүргізіледі. Жол жүру чектері анда-санда ғана қолданылады, дегенмен  Алматыда кредиттік және төлем карталары кеңінен қолданылады. Америкалық долларды айырбастау пункттерінде теңгеге оңай айырбастауға болады, дегенмен купюлалармен АҚШ долларының банкноттары 1990-жылдардан бері шығарылған болуы керек. Қала орталықтарында банкоматтар өте көп.

Телефон. Еліміздің коды -7. Алматы қаласының коды 727. Халықаралық қоңырауларды қарапайым телефондармен теруге болады. «8», гудок күтеміз, сонан-соң «10» санын тереміз, сонан-соң елдің коды, қаланың коды, және телефон  номерін: 8+10+елдің коды+қала коды+телефон номері. Төмендетілген баға жергілікті уақыт бойынша 20.00 мен 08.00 ге дейін. Сонымен қатар сіз арзан тарифті телефон карталарында пайдалана аласыз. Қонақ үй телефондарымен қоңырау шалу өте қымбат. Көшеде тұрған таксафондар арнайы типтегі алдын ала төленген телефон карталарымен жұмыс жасайды, оларды почта офистерінен, автобус аялдамаларынан, дүкендерден, газет киоскаларынан сатып алуға болады. Әдетте жергілікті қоңырауларды көшеде тұрған дүкендерден 20-50 теңгеге хабарласуға болады. Мемлекеттік ұйымдар,мекемелерден соғылған қоңырау тегін болады.

Ұялы байланыс: Егер сіз АҚШ, Канада, Жапониядан келген болсаңыз мұнда ұялы байланыс телефоныңыз істемеуі мүмкін. Роминг қымбат, сондықтан сізге арзанырақ түсуі үшін ұялы телефонның жергілікті номерлерін алған жөн. Мұнда бірнеше байланыс түрлері бар: солардың бірі Kcell, Beeline, Neo.

Почта: Почталық қызмет көрсету қаладағы негізгі почта бөлімдерінде көрсетіледі, олар аптасына жеті күн жұмыс істейді. Алматы қаласындағы басты почта апараты Құрманғазы көшесінде орналасқан. Қазақстан аумағында хат 3-5 күн ішінде жеткізіледі. Әдетте шет елге жеткізу екіден-үш аптаға дейін. Почталық мекенжай мынадай ретпен қойылуы керек:

Ел, почта индексі, қала, көше, үй нөмерлері және азаматтың аты-жөні. Почта бөлімшелерінің жұмыс уақыты 09.00-18.00 ге дейін дүйсенбі-жұма күндері.

Газет: Елімізде 70-тен астам газет және ағылшын, қазақ, орыс, неміс, ұйғыр және корей тілдерінде жарық көретін  50-ге жуық журналдар басылып шығарылады. Ең танымал жергілікті газеттер Pohorama, Экспресс, Караван,орыс тілдерінде және Almaty Herald Business Week ағылшын тілінде жарық көреді.

Қауіпсіздік: Кедендік бақылаудан өткеннен кейін сізге қызметтік куәлігін көрсетпейінше жеке куәлігіңізді оған тапсыруға болмайды. Сіздің шет елдік құжатыңыз жоғалып не болмаса ұрланған жағдайда тез арада политция бөлімшесіне және өз елшілігіңізге хабарласуға керек. Ұры- қарылар көбнесе базар маңайында, қоғамдық көліктерде жүреді. Шетелдік қонақтардың көшеде үлкен сумкадағы ақшаларын көрсетпегені жөн. Сонымен қатар түнде жалғыз жүру қауіпті. Полиция қызметкерлері құрметпен және байыппен қарым-қатынас жасауы тиіс. Қазақстандық ішкі істер бөлімі полиция қызметкерлеріне жаяу жүргіншілерге арналған жолды идентификациялау үшін кездейсоқ тексеру жүргізуге тиым салады. Заңды полиция қызметкері өзінің құжаттарын көрсетіп, өзін таныстыруы керек. Егер ол мұны жасамаса сіз одан өз құжаттарын көрсетуді талап етуіңізге болады. Қандай жағдай болмасын құжаттарыңызды, жеке заттарыңызды, ақшаларыңызды ешкімге бермеңіз. Полиция қызметкерінің дөрекі іс-әрекеті туралы елшілікке және өз бөлімшелерінің басшылығына хабарлайтыныңызды офицерге айтыңыз. Ешқашанда  полиция қызметкеріне өз еркіңізбен құжаттар немесе бағалы заттарыңызды бермеңіз. Полициямен болған мұндай келеңсіз жағдайларды елшілікке хабарлап отыруды ұмытпаңыз.

Басқа елде жүрген кезде шет елдік азаматтар сол елдің заңдары мен ережелерін сақтауы тиіс.

төтенше жағдайларда телефондар  (кез-келген телефоннан тегін) :

 

101 полиция

Өрт сөндіру қызметі  102

Желел жәрдем қызметі 103

Газдың апатты қызметі 104

Анықтама 09