қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.09.2020

А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл - халық қазынасы» вебинары 


Тіл апталығы аясында 2020 жылы 4 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл-халық қазынасы» тақырыбында вебинар онлайн кездесу өтті. Вебинар онлайн кездесудің модераторы доцент Молдасанов Ерсайын Мышанұлы қатысушыларға келген қонақтарды таныстырып өтті.


Кездесуде профессор Балтабай Әбдіғазиұлы А. Байтұрсынұлының «Жаңа емле», академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Есенова Қалбике Өмірбайқызы «Тіл-халық қазынасы», Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Қапалбек Бижомарт «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ филологиясының негізін салушы», А.Байтұрсынұлы мұражай-үйі жанындағы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығының директоры Райхан Имаханбет «Алаштың Ақыметі: Ақиқат пен аңыз», Алматы қалалық шығармашыл жастар одағының төрағасы Мырзахметов Оралбай «Алаштың бар тілегі» атты тақырыптарда тың деректер мен танымы мол ойларын ортаға салды. Қазақ тілінің болашағы, алаш зиялыларының ел, жер, тіл туралы ойларын зерттеу, саралау жас ғалымдар мен студенттердің мойнында екені айтылды. Онлайн вебинарда университетіміздің студенттері Касим Мастурям М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Зикеева Ангелина М.Мақатаевтың «Қазақ жері», Боловнева Анжелика, Нүсіпбек Айтұлы «Ана тілім», Цхай АлинаА. Байтұрсынұлының «Жазушының қанағаты», Сайлаубай Аягөз «Қазақ қалпы», Молдаханов Ерасыл «Алашпын», Шертай Дамира А. Байтұрсыновтың «Көк есектерге» өлеңдері мен арнаулары оқылып, Нағашбек Марал «Атамекен» әнімен қорытындылады.

 

      

 

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы