қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.09.2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»Халыққа Жолдауын талқылау

 

2020 жылдың 2 қыркүйегі күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Халыққа Жолдауын талқылау бойынша онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысын университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлы ашып, Жолдаудың маңыздылығын атап өтті.


Дөңгелек үстел барысында алғашқы сөз сөйлеген Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева «Национальный план готовности к новой реальности» тақырыбында баяндама жасап, Жолдаудың басым бағыттарына жіті тоқтап өтті. Профессор А. Құлсариев бас құжаттың толық мазмұнын баяндап берді.


Одан әрі, Тарих және құқық институтының директоры, профессор Әділ Жүнісов «Эффективность государственного управления как фактор развития общества» тақырыбындағы баяндамасында Жолдаудың Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тармағына тоқталды. Сонымен қатар, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, профессор Айнұр Сабитова «Справедливое государство на защите интересов граждан», Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков «Пандемия жағдайындағы жаңаша тұрақты дамудың саяси принциптері - Жолдаудың негізгі», Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Ермек Бөрібаев «Новые направления социального развития Казахстана в современной геополитической ситуации» тақырыптарында мазмұнды баяндамалырын ұсынды.


Жарыссөз барысында сөз алған Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы пандемея кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани және саяси дамуына жаңа мүмкіндіктерді іздестіру үшін ең маңызды нұсқаулық екенін атап өтті.

 

Қосымша:
1. Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Т. Құлсариеваның баяндамасы
2. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиковтың баяндамасы
3. Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, профессор Айнұр Сабитованың пікірі

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті