қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.09.2020

Ұстаздар ұстаханасында студенттер көптеген мәселелерді өздері шешеді

 



«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ұстаздар ұстаханасында студенттер көптеген мәселелерді өздері шешетінін жазды.

 

Тұңғыш университет ректорының жазуынша, осыдан екі жыл бұрын өзі басқаратын университетте Студенттік ректорат ашылған. Оның құрамын студенттердің өздері жасақтайды. Жалпы жиналыстар жылына 3-4 рет өткізіліп, онда студенттерді толғандыратын мәселелер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылады.

 

«Жастардың көзқарасы тың, ойлары ашық, кез келген проблемаға креативті шешім ойлап табады. Ең басытысы өздерінің мүдделеріне сәйкес келетін, оқу орнының беделін арттыратын оңтайлы ойлар ортаға салынады. Міне, осындай кездесулердің арқасында біз «Smart Student» деп аталатын коворкинг-орталығын аштық, Студенттерге қызмет көрсету орталығын іске қостық, яғни оқу орнының студенттері осында келіп өздеріне қажетті құжаттарын алатын болды. Осылайша, біз студенттерді белсенді азаматтық ұстанымда тәрбиелейміз, сонда университеттегі әрбір адам өзінің жалпы жағдайға ықпал ете алатынын түсінеді, өз ойын білдіруден және өз идеяларын айтудан қорықпайды. Мұндай іс-шаралар қоғамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға, кез келген іске араласып өзінің үлесін қосуға ниетті болуына ықпал етеді», - деп жазды ректор.

 

 

15.09.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com