қазақша · русский · english
   
Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасы

 

 

 

 Қарақов Амантай Қарақұлы
Доцент
Педагогика ғылымдарының докторы
«Спартак» стадионы
 +7 707 626 93 08
amantai@gmail.ru

       

Кафедраның негізгі бағыты: оқып жүрген студент жастарға дене шынықтыру, спорт, тәрбие саласында және салауатты өмір салтын дұрыс ұстануды үйрету, спорт, дене шынықтыру саласына бағыт, бағдар беруді үйрету.
Кафедраның негізгі міндеті: кафедраның 2016/2017 оқу жылында бекітілген дене тәрбиесі және спорттық жұмысының жоспарына сүйене отырып, дене шынықтыру, қимыл-қозғалыс ережелерін теориялық және практикалық тұрғыда түсіндіру, сонымен қатар, спорт секцияларындағы спорттық жаттықтыру үрдісінің белсенділігін арттыру арқылы студенттердің салауатты өмір салтының сапасын арттыру болып табылады.
Кафедрада негізінде 2016/2017 оқу жылының басынан бері 23 профессор-оқытушылар құрамы қызмет атқарады, оның ішінде:
1-п.ғ.д., профессор;
1- м.ғ.д., профессор;
1-п.ғ.к., унив. профессор;
1-п.ғ.к., доцент;
1-п.ғ.к., аға оқытушы;
1-б.ғ.к., аға оқытушы;
1-унив.профессоры, 2-унив.доценті;
1-доцент (білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті);
6-ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы;
5-ҚР құрметті спорт қайраткері;
5-п.ғ.магистрі (3-і аға оқытушы, 2-і оқытушы);
3-PhD доктарантурада оқиды;
6-аға оқытушы.
1 курстағы студенттер саны - 1239, 2 курста - 867 студент. Жалпы: 2103 студ. Дене шынықтыру сабағына қатысатың 140 топ бар.
Негізгі топтарда 2025 студент дене тәрбиесі және спортпен шұғылданады, арнайы медициналық топта 1 курс бойынша - 43 студент, 2 курс бойынша - 35 студент бар.
Сонымен қатар, университет қабырғасында спорттың 20 түрінен тұрақты түрде жұмыс істейтін спорттық үйірмелерде жалпы саны 398 студент өздерінің таңдап алған спорт түрі бойынша шұғылданып жүр.
«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының 2016/2017 оқу жылына жоспарланған оқу жүктемесі 21530 сағат; кафедраның ПОҚ 18 бірлігіне 24,25 штатты бірлік берілген; ғылыми сатылығы 42%. құрап отыр.
Қосалқы жұмыста- оның ішінде - 1 адам - 0,5; 4 адам - 0,25 штаттық бірлікте жұмыс атқарады.
Кафедрадағы барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Орташа жас көлемі 49 жасты құрайды. Мемлекеттіқ тілде сабақ өткізетін оқытушылардың саны 23 адам.

 

«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының қоғамдық жұмыстарына жауапты қызметкерлер
 

№п/п

Аты-жөні

Лауазымы

Атқарылатын жұмыстар

1.

Қарақов А.Қ.

п.ғ.д., профессор

кафедра меңгерушісі,төраға

2.

Иралина М.М.

аға оқытушы

Оқу-әдістемелік жұмыстары

3.

Абишев А.Р.

б.ғ.к., аға оқытушы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

4.

Түгелбаев Е.Н., Садыбаева Г.Б.

п.ғ.магистрі,оқытушы

п.ғ.магистрі, аға лаборант

Әдістемелік және СМЖ іс-шараларының жоспарлау жұмыстары,

Білім порталы

5.

Аязбаев Б.Ж.

п.ғ.магистрі, аға оқытушы

Спорттық іс-шаралар, тәрбие жұмыстары

6.

Ашимханов Г.Р.

аға оқытушы

Қызметкерлер және студенттер арасындағы мед.тексерулерің қадағалау жұмыстары

7.

Садыбаева Г.Б.

п.ғ.магистрі, аға лаборант

Кафедрада  кәсіподақ ұйымының төрайымы

8.

Белғожаев Н.Ш.

инженер

Спорттық құрал жабдықтарға жауапты

 

 

«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының дене тәрбиесі сабағы бойынша институттарға  жауапты кураторлар
 

Аты-жөні

Қызметі, лауазымы

Институт атауы

1.

Баймурзаев Тәнірберген Хамитұлы

аға оқытушы

Филология және көптілді білім беру

2.

Мендіғалиева Шолпан Әбдіқызы

аға оқытушы

Сорбонна-Казахстан

3.

Аязбаев Бақытжан Жақсылықұлы

п.ғ.магистрі, аға оқытушы

Тарих және құқық институты

4.

Тугелбаев Ерік Нұрмухамбетұлы

п.ғ.магистрі,  оқытушы

Өнер, мәдениет және спорт

5.

Әшімханов Ғалымжан Рашидұлы

аға оқытушы

Педагогика -психология

6.

  Сайдаков Еркін Мұкашұлы

аға оқытушы

Математика, физика және информатика

7.

Максутов Беқмурат Майданбайұлы

аға оқытушы

Жаратылыстану және география

 


Кафедрада 2017/2018 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша атқарылатын спорттық іс-шаралар