Негізгі бет
Жаңалықтар
15.09.2020 Ғалым-ұстаздың жаңа монографиясы
Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Сақаұлы Тебегеновтің «Біртұтас қазақ әдебиеті: Қытайдағы және атажұртқа оралған ақын-жазушылардың шығармашылығы» атты монографиясының толықтырылған екінші басылымы («Тоғанай» баспасы, 2020) жарық көрді.
Кітапта қандастарымыз Әсет Найманбайұлының, Ақыт Үлімжіұлының, Көдек Маралбай немересі Байшығанұлының, Таңжарық Жолдыұлының, Омарғазы Айтанұлының, Әкбар Мәжитұлының, т.б. (ҚХР, Шыңжаң), оралған отандастарымыз Халифа Алтайдың, Ермұрат Зейіпханның, Тұрсынәлі Рыскелдиевтің, Зейнолла Сәніктің, Жақсылық Сәмитұлының, Тұрсынхан Зәкенұлының, Мұқан Мамытханұлының, Жәди Шәкенұлының т.б.-дың шығармалары тарихи танымымен көркемдік сипаты ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылған.
Монография Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарының білімгерлеріне (студенттерге, магистранттарға, докторанттарға) және ата-бабалық рухани құндылықтарымызды ұлықтаушы қазақ халқы ұрпақтарына арналған.
Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы |