қазақша · русский · english
   
Жалпы тіл білімі кафедрасы
 Есенова Қалбике Өмірбайқызы
Профессор
Филология ғылымдарының докторы
Достық даңғылы, 13
 8-707-234-89-15
kalbike_65@mail.ru

 

Кафедра ұжымы жалпы тіл білімінің тарихы мен жаңа бағыттары аясында бакалавр, магистрант, докторанттарға дәріс беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра оқытушылары - орта мектеп, жоғары оқу орындарына, магистранттар мен докторанттарға арналған оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми монографиялардың, типтік бағдарлама мен Білім беру стандарттарының авторлары.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылар құрамы - жалпы тіл білімінің тарихын, түркітану ғылымын, шешендік өнер ғылымын, қазақ диалектологиясы ғылымын, медиалингвистика, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдарын зерттеп жүрген танымал ұстаздар. Бүгінгі таңда кафедрада 6 - ғылым докторы, 2 - ғылым кандидаты, 2- ғылым магистрі, 3 - аға оқытушы қызмет етеді.