Оқу-әдістемелік қызмет 10.03.2017 жылы, сағат 11:00-де, 1-курс 6М021200- түркітану мамандығында «Қыпшақ тілдерінің ерекшеліктері» пәні бойынша п.ғ.д.,профессор Ж.Қ.Балтабаеваның «Башқұрт тілінің грамматикалық құрылысы» атты семинар сабағы өтті. Сабақта магистранттар башқұрт тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне талдау жасап, басқа түркі тілдерінің материалдарымен салыстырды. Ф.ғ.к.,доцент Е.М.Молдасановтың : 07.03.2017 жылы. 5В020500-филология мамандығы студентерінде «Түркі филологиясына кіріспе» пәні бойынша № 7 «Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері» атты семинар сабағы өтті. 1.Руникалық көне түркі жазу орхон-енисей ескерткіштері, олардың зерттелу тарихы мен таралған аймақтарына шолу. 2.Руникалық жазулардың тастан басқа заттарға да ойылып жазылғандығы (алтын, күміс, қола, сүйек, ағаш, саз, балшықтан жасалған бұйымдар). Шығыс Түркістанда қағазға жазылған руникалық мәтіндердің табылуы (ҮІІІ-ІХ ғғ). 3.Қазақстан жерінен соңғы кезде табылған руникалық көне түркі ескерткіштері, олардың зерттелуіне шолу Сабақта «TURK BITIK» сайты бойынша рун жазуын оқып,жазып тың ақпараттармен танысты 21.02.72017 жылы 1 курс 6М012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы магистрантары Сапарбек Балым және Садық Айнагул « Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу бағыттары: макросоциолингвистика...» атты тақырыпта өз жобаларын қорғады .
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университтеті
https://youtu.be/OJ6HxM4rfgo.
5В011700, 6М011700, 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті; 5В020500, 6М020500, 6D020500-Филология; 5В012100, 6М012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті; 6М021300, 6D021300-Лингвистика; 6М021200-Түркітану мамандығы бойынша білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттарға 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығында жалпы саны 58 пән бойынша білім береді. Аталған пәндер бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешендер: Есенова Қалбике Өмірбайқызы ф.ғ.д., профессор: «Медиалингвистика», «Лингвоэкология», «Тілтанымдағы антропологиялық парадигмалар»; Хасанұлы Бақытжан ф.ғ.д., профессор «Психолингвистика теория сының негіздері», "Әлеуметтік тілдік қарым-қатынас», «Лингвистикалық зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы», « Лингвистиканың метатілі мен метасөздігі», «Психолингвистика», « Қазақ тілі грамматика жүйесінің тарихы», "Метаязык и метасловарь лингвистики»; Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы ф.ғ.д., профессор: «Мәтін лингвистикасы», «Шешендік өнер негіздері», «Академиялық шешендік», «Қазіргі ауызша сөз стилі», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»; Атабаева Мереке Сатылғанқызы ф.ғ.д., профессор: «Қазақ лингвистикасының жаңа бағыттары», «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері», «Түркологиядағы жаңа бағыттар», «Лингвистика ілімінің тарихы», «Сөйлесім синтаксисінің лингвостилистикалық сипаты», «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі»; Балтабаева Жаңалық Қылышқызы п.ғ.д., профессор: «Грамматика теориясы», «Тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттары», «Ғылыми дискурс теориясы», «Тіл білімінің және әдебиеттанудың философиялық-әдіснамалық мәселелері»; Чингисова Акжан Адиетовна п.ғ.д., профессор: «Славянская этнолингвистика», «Основы языкового менталитета»; Ильясова Нағима Әбзелбекқызы ф.ғ.д., доцент: «Көне және орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі», «Қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар», «ХХ ғ. ІІ жарт. - ХХІ ғ. бас. қазақ фил.ғылыми басымдықтары», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы»; Ниязбекова Кулянда Сарсенкуловна п.ғ.к., доцент: «Түркі тілдері грамматикасының даму үрдісі», «Ресми құжаттар тілі», «Фразеология теориясы», «Тіл және концепт», «Әлеуметтік лингвистика негіздері», «Элементы семантики и прагматики», «Когнитивная лингвистика», «Интегративное моделирование языка», «Русская разговорная речь», «Теория текста и дискурса», «Сөздікпен жұмыс», «Түркі тілдерінің терминдік жүйесі»; Раева Гүлзат Магауқызы ф.ғ.к., доцент: «Тілді типологиялық зерттеу», «Түркі тілдері мен монғол тілінің қарым-қатынасы», «Түркі тілдерінің фонетикасы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»; Молдасанов Ерсайын Мышанұлы ф.ғ.к., доцент: «Тілдік және мәдениетаралық коммуникация», «Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы», «Тұлғааралық коммуникация», «Іскери тіл лингвистикасы», «Түркі филологиясына кіріспе», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы»; Сейталиева Қарлығаш Орынқызы, аға оқытушы: «Педагогикалық риторика».
Кездесуге сөздік жасау жобасының авторы, ф.ғ.д., профессор Нұргелді Уәли бастаған бір топ ғалымдар: ф.ғ.д., проф. Қ. Күдеринова, ф.ғ.д., проф. О. Жұбаева, ф.ғ.д., проф. А. Жанабекова, ф.ғ.к., доцент А. Фазылжановалар шақырылды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор А. Т. Құлсариева және Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры О.В. Пак Абай университеті мен Назарбаев мектебінің іс-тәжірибе алмасу жұмыстарының маңызы туралы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкерлері ф.ғ.д., проф. Қ. Күдеринова, ф.ғ.к., доцент А. Фазылжанова «Қазақ әдеби тілінің XV томдық түсіндірме сөздігінің» білім беру жүйесінде алатын орны, маңызы туралы таныстыру-презентациясын жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б. Әбдіғазиұлы, университеттің жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова және кафедраның профессор-оқытушылары п.ғ.д., профессор Ж. Балтабаева, ф.ғ.д., доцент Н. Ильясова, ф.ғ.к., доцент Г.Раева, филология магистрі Н. Шуиншина т.б. қатысты. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 10 сынып оқушылары мен қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімдері аса қызығушылық танытты. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің ұжымы шексіз алғыстарын білдіріп, ғалымдарды алғыс хатпен марапаттады. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» атты іс-шара соңында ғалымдар, профессор-оқытушылар, ұстаздар мен оқушылар естелік үшін суретке түсті.
24.02.2016 жылы Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,реформалар, даму» атты Жолдауы аясында және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үздік филолог - 2016» дәстүрлі аймақтық олимпиада болып өтті. Олимпиаданы Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә.Әбдіғазиұлы ашып, топ мүшелеріне жеңіс тіледі.
Олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері: Магистранттар төрт кезең бойынша өз білімдерін сынады. 2-сайыс: «Жас ғалым зердесі» сайысы (әр команда белгілі бір магистрлік диссертация тақырыбына тоқталып, жоспарын құру) 3-сайыс: «Тәуелсіздік кезеңі: қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар» сайысы (белгілі бір жаңа бағыттың негізгі ұғымдары, зерттелуі) ( ұяшықтағы сұрақтарға жауап 4-сайыс: «Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез» ұшқырлық Келген қонақтар университет, институт, жалпы тіл білімі кафедрасының ұжымына алғыстарын білдіріп,ризашылықтарын білдіріп қайтты.
|