Негізгі бет
Жаңалықтар
29.09.2020 Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайда білім алушы жастарға ұлттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2020 жылғы 24 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайда білім алушы жастарға ұлттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұйымдастырушы - педагогика кафедрасы.
Конференцияға Германия, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдерінің мамандары, Қазақстанның білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі ғалымдары мен ұстаздары қатысты.
Конференцияны университет ректоры, профессор Такир Балықбаев ашты. Ол көтерілген тақырыптың маңыздылығын айтап өтіп, қатысушыларға сәтті жұмыс және қызықты ұсыныстар тіледі.
Конференцияға қатысушылар Хажеттепин университетінің Ататүрік институтының директоры (Түркия, Анкара), профессор Мехмет Дервиш Клынчкаяның «Қазақстандағы ұлттық идентификация тарихы мен мәселелері», саяси ғылымдарының докторы Абдулхайм Кисиджи (Германия, Мюнхен) «Европадағы қазақ жастары диаспорасының ана тілін, салт-дәстүрлерін сақтау, ұлттық тәрбиесі мен ұлттық идентификациясының өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамаларына аса қызығушылық танытты.
Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры Лев Мардахаев, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Джуринский, Баласағун атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің профессоры Нұрбубу Асипова, Абай атындағы ҚазҰПУ ПжП институтының директоры, профессор Берікжан Альмұхамедов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Рымшаш Төлеубекова, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Шолпан Жанзақовалардың баяндамалары заманауи білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелеріне арналған.
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Жәмиля Намазбаева заманауи жастардың ұлттық тәрбиесінің психологическиялық аспектілерін көрсетті. Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор Қорлан Жампеисова ҚР тәлімгерлер жастардың ұлттық тәрбиесінің заманауи үлгісін ұсынды.
Еркін микрофон аясында Атырау Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов және Ақмола облысы, Щучинск қаласы, №9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Баян Акатайкызы сөз сөйледі. Еліміздің өзге аймақтарынан қатысушылар (Қарағанды, Нұр-Султан, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Түркістан, Өскемен және т.б) чатта өз әсерлерімен бөлісті.
Шараға барлығы 400ден астам адам қатысты. Барлық қатысушылар мен қонақтарға сертификаттар берілді.
Педагогика кафедрасы |