қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ шетелдік студенттерін «Чжунсю» мерекесімен құттықтады

 

Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының өкілдері Абай атындағы ҚазҰПУ - да оқып жатқан отандастарын, сондай-ақ біздің университететіміздің басқа да шетелдік студенттерін Қытайдың ұлттық мерекелерінің бірі - "Чжунсю" мерекесімен құттықтады. Қонақтар осы күнге арнайы дайындалған дәстүрлі тәттілерді таратты.


Осыған орай, ректор Такир Балықбаев ҚХР және басқа да шет елдердің студенттерін мыңжылдық тарихы мен дәстүрлері бар, Қытай халқының рухани бірлігін нығайтуға, ғасырлар бойғы мәдени құндылықтарын сақтауға қызмет ететін мерекемен құттықтады.Ол күз мезгілінің 1 қазаны күні атап өтіледі. Чжунсю мерекесінің символы - кез-келген қытайлық отбасында пісірілетін дәмді бәліштер. Университеттің студенттік ректорат мүшелері жатақханада тұратын шетелдік студенттерге консулдықтың сыйлықтарын жеткізіп, тәтті бәліштерді табыс етті.