қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

       Тәрбие жұмысының басты бағыттары
Жалпы тіл білімі кафедрасы
«СТРАТЕГИЯ 2050»

Бірінші бағыт - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт-Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт - Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт -Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Жетінші бағыт -Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,тұлғаныңөнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту,білім беру ұйымдарында көп мәдениетті орта құру.
Сегізінші бағыт -Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі

          «Жетім көрсең жебей жүр»-деп атам қазақ айтпақшы, Рамазан айның 21.06.2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенованың басшылығымен кафедра оқытушылары: ф.ғ.д., профессор М.Атабаева, Г.Қосымова, Ж. Балтабаева, Н.Ильясова, доцент  Г.Раева, Қ.Сейтәлиева  және кафедра докторанттары  Алматы қаласындағы №1 облыстық балалар үйіне барып, қайырымдылық іс жасап, балар үйінің бітіруші түлектерімен «Оразаның пайдалары» атты тақырыпта сұхбаттасып, балалардың  өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын оятып қайтты. Балалар үйінің директоры Г.С. Қондыбаева ұжым атына ризашылығын білдіріп,  институт директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлына өз алғыстарын білдірді.

Е.Молдасанов

 

      Жалпы тіл білімі кафедрасының магистр,аға оқытушысы Н.Шүйіншина 02.03.2017 жылы Филология және көптілді білімберу институтының КРО 3 курс студентерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне барып, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелермен танысып, ұлттық құндылықтар туралы деректемелер алды.

 

Филология және көптілді білім беру институты, Жалпы тіл білімі кафедрасы 1 курс ,6М011700 -қазақ тілі және әдебиеті магистранттары және 1 курс 6D021300 - лингвистика докторанттары , ф.ғ.д., профессор Г.С,Қосымова және шетелдік ғалымдар: Түркия ,Еге Мұстафа университтетіннің ғылым докторы ,профессор Г.Гулсевин,  Туркия Мұғла Сытқы Кочма университтетінің кафедра меңгерушісі,  ғылым  докторы, профессор М.Угурлы , Польша А.Мискеевич атындағы Познань университтетінің PhD докторы Гүлайхан Ақтай  А.Байтұрсынұлы мұражайына барып, «Ахмет Байтұрсынов мұрасы» атты тақырыпта дәріс оқыды . 2016 жыл 

Филология және көптілді білім беру институты, Жалпы тіл білімі кафедрасы 1 курс ,6М011700 -қазақ тілі және әдебиеті магистрантарының  тәлімгері     ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымова   режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» фильміне барып,  студенттер мен магистранттардың тарихи танымын кеңейтіп қайтты. 22.02.2017 жыл

Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары 2016 жылы 27 желтоқсанда студентердің кысқы демалыс кезінде "Менің мақтанышым - Абай атындағы ҚазҰПУ" атты кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті. Кафедра оқытушылары доцент Раева Г.М, Шуиншина Н 2017 ҰБТ жаңалықтары туралы айтып,қысқы демалвс кезінде әр студен өзі оқыған мектептерде КББЖ жүргізу сұралды,

 

 

 

 

«Ұлылар ұлағаты» мақсатында 19.11.2016 жылы 1 курс 6М020500-Филология мамандығы магистранттары «Ықылас Дүкенұлы» атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайында болды. Сазсырнай, даңғара, жетіген, шаңқобыз сияқты қазақтың көне ұлттық аспаптарын көріп, ең алғашқы аспаптың бірі Абайдың 3 ішекті домбырасынан бастап мұражай қорына мұраларымыз жинақтала бастағанын, сондай-ақ, мұражайдан Жамбылдың, Махамбеттің, Динаның және басқа да атақты әншілер мен күйші, композиторлардың домбыраларын көріп, ұлт аспаптар музейінің ғимараты да ерекше екенін, ол тұтастай ағаштан салынғандығын, музейдің ішкі дизайны да қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілгендігін көріп, біршама тарихи жәдігерлердің тарихынан хабардар болып қайтты.

 

28.10.2016 ж. ф.ғ.к., доцент Е.Молдасанов 1 курс 6M0020500 мамадығы магистрантарымен "Мәңгілік ел идеясы" тақырыптағы кезекті тәлімгер сағатын өткізді

 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасының 2015-2016 оқу жылында өткізілген іс-шаралар фото слайды

Жалпы тіл білімі кафедрасы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жалпыуниверситеттік шараларға, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына, Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулуды басшылыққа ала отырып, халықтық педагогика ұстанымдарын насихаттауды, адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беруді, қазақстандық патриотизм мен отаншылдық тәрбие беруді, сонымен қатар, ұлтаралық келісім және толеранттыққа тәрбиелеуді, құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алуды және қоғамдық тәртіпті нығайтуды көздейді. Білімалушыларға психологиялық көмек көрсетуге, діни сауаттылығын көтеруге және экстремизм мен ланкестіктің алдын алу шараларын ұйымдастыруға арналған тәрбие сабақтарын ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шараларын ұйымдастыруға көмектеседі. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастырудың, еңбек тәрбиесіне баулудың, экологиялық тәрбие берудің, экономикалық тәрбие берудің мақсатын анықтап, оны жүзеге асыруда тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Аталған жұмыстардың дәлелі ретінде, Тәрбие жұмысы жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы және Филология институты, жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 11.11.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы дәуірі: тіл, әдебиет және тарих» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткізді.

Топ тәлімгерлері тәрбие жұмысы бойынша университеттік, қалалық, республикалық шараларға атсалысып, түрлі қоғамдық жұмыстар атқарады. Студеттердің ата-аналарымен тұрақты қарым-қатынаста, байланыста болу - кафедрадағы әр тәлімгердің міндеті.

Сондай-ақ, кафедра жанында филология факультеті студенттерінің ұлттық тарих пен мәдениет, тіл мен әдебиет жайлы білімі мен біліктілігін арттыра отырып, оларға ғылыми-эстетикалық, мәдени-этикалық, отбасылық тәрбие беру мақсатында «Ғибрат» клубы жұмыс жасайды.
Кафедра оқытушылары Қ.Сейталиева, З.Османова және т.б. ұстаздар бұл саланың табысты болуына елеулі үлес қосып келеді.
Кафедра ұжымы кәсіби бағдар жұмысын (Жауапты: доцент Г.М.Раева) республикамыздың әр облысында жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда облысы, Қазалы, Арал аудандары бойынша, Алматы облысы Қарасай, Іле, Еңбекші қазақ, Талғар аудандары бойынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша орта мектептермен, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас орта мектебі т.с.с мектептермен келімшарт бойынша жан-жақты істер атқарады.
Кафедрадағы әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының орындалуы мен нормативтік құжаттарына ф.ғ.к., аға оқытушы З.Османова жауапты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Өскелең ұрпаққа тағылым» атты әдеби кеш болып өтті. Бұл кешке әдебиет пен ғылымның жанашыры болып жүрген Өмірзақ Айтпайұлы, Әлімхан Жүнісбеков және ҰҒА Тіл білімі институтының директоры Мырзақ Малбақов және университетіміздің профессор-оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Кешті белгілі тележүргізуші журналист Дана Нұржігіт жүргізіп отырды. Р.Сыздықова өзіне осындай құрмет көрсетіп отырған кеш қонақтарына алғысын білдіріп, өзінің осы жасқа дейінгі еңбек жолы мен балалық шағын сағына еске алды. Одан әрі Филология институтының 4 курс студенті Айткәрімов Бауыржан Абайдың «Сегіз аяқ» әнін әуелете орындап, думанды кешті қыздыра түсті. Кеш барысында студенттер мен магистранттар Р.Сыздықоваға көптеген сұрақтар қойып, ой бөлісті. Сондай-ақ Филология институтының жас ақындары Ержанов Алмат, Айткәрімов Бауыржан, Сағидолла Қазыбек Р.Сыздықова апайға арнаған өлеңдерін оқыды. Өзінің шәкірттік ықыласын осылай білдірген жас ақындарға Р.Сыздықова ұстаздық ақ ниетін білдіріп, таңдамалы еңбектері жинақталған кітабын тарту етті. 

 

2016 жылғы 2 наурызда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тәрбие басқармасы және Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым, медицина, өнер және бизнес салаларында жемісті еңбек етіп жүрген қазақ қыздары филология ғылымдарының докторы Жамал Манкеева, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, талантты әнші Жазира Байырбековалардың қатысуымен «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Сонымен қатар университет ректор Аппаратының жетекшісі профессор Б.Ө.Сманов сөз алып, тоқсанның тұғырына шығып отырған академик Р.Сыздықоваға мерекесімен құттықтап, «Үздік ұстаз» медалін табыстап, иығына шапан жапты.
Филология институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлы және осы кешті ұйымдастырушы Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. Қ.Есенова құттықтау сөздерін айтып, сый-құрметтерін жасады.
Кеш соңында бүгінгі кештің құрметті қонағы Р.Сыздықова оындай кеш ұйымдастырып қуанышына ортақ болып жатқан университет ұжымына алғысын білдірді.

 

 

 

2016 жылдың 3-наурыз күні сағат 14:00-де филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанованың «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық аспектілері» атты тақырыпта А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессор-оқытушыларының ұйымдаструымен өткен іс-шараға ҚазҰПУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының ПОҚ, докторанттар мен магистранттары қатысып, тың деректер алды, ұйымдастырушылар қатысқан қонақтарға сертификат тапсырды.

 

 

 

 

03.03.2016 ж. күні сағат 11:00-де 512-дәрісханада Жалпы тіл білімі кафедрасының кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө. Есенова,ф.ғ.д., профессор С.М.Атабаеваның ұйымдастыруымен «Білім беру үрдісінде Wiki-технологияларды пайдалану» жолдарына арналған семинар-тренингі өтті. Семинарға ПОҚ, магистранттар мен докторанттар қатынасты.Тренингті Wiki-bilim қоғамдық қорының президенті Қисыбай Әлібек, жоба үйлестіруші Үркімбаев Серік Kitap kz Wiki-bilim сайты туралы өте жақсы хабар берді.

 

 

 

 

2016 жылғы 2 наурызда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тәрбие басқармасы және Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым, медицина, өнер және бизнес салаларында жемісті еңбек етіп жүрген қазақ қыздары филология ғылымдарының докторы Жамал Манкеева, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, талантты әнші Жазира Байырбековалардың қатысуымен «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

2014 жылдың 25 қарашасында кафедра оқытушысы Қ.Сейталиеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері арасында «Сәлем сөздің анасы» атты ток-шоу өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттерді ұлттық құндылықтарды тануға, әдептілік пен қарым-қатынас этикасын сақтауға тәрбиелеу.

22.04.2015

2015 жылдың 22 сәуірінде кафедра 5В011700 мамандығының 2 курс
студенттері арасында Институтішілік
«ШЕШЕННІҢ ТІЛІ - ШЕБЕРДІҢ БІЗІ» атты ғылыми-зияткерлік олимпиада өткізді. Аталмыш ғылыми іс-шараның мақсаты: тілші маман студенттердің прагма-кәсіби, коммуникативті құзыреттілігін дамыта отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым жасау, жастардың бойында Отан сүйгіштік патриотизмді қалыптастыру. Бұл олимпиада жеңістің 70 жылдығына арналған, мазмұнды да мағыналы ақпаратқа толы болды.
2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы
, университеттің тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде әзірленіп, бекітілген.Осы бекітілген іс-шара бойынша 6М020500 - филология мамандығында топ магистрантарымен (Акегожаева Р.Асанова М, Қашырбекова Ғ, Колганатова А ) ақылдаса 2015-2016 оқу жылына арналған жоспар жасалынып, сол жоспар бойынша төменгідей іс шаралар ұйыдасырылып, тәлімгерлік жұмыстар жүргізілді. 6М020500 - филология мамандықтарының магистранттарының өзін- өзі басқару кеңесі өтті.Кітапханаға бару кестесі мен ғылыми мақалалар шығару жоспары құрылды. Демалыс уақыттарын тиімді өткізу туралы әңгіме жүргізілді. Сессияға бірігіп дайындалу жоспарланды. 6М020500 - филология мамандықтары магистранттарының іс- шараларға қатысу деңгейі - 100%. Магистранттар университетте ұйымдастырылып жатқан әр түрлі іс-шараларға белсене атсалысты.
«Тіл - татулық тірегі» - атты тәлімгер сағаты
«09» « 09» 2015 жыл
«Мәңгілік ел идеясы» - атты тәлімгер сағаты «23» « 09» 2015 жыл
«Ғылымдағы жаңа бағыттар» - атты тәлімгер сағаты
«07» « 10» 2015 жыл

«Түрік әлемі» - атты тәлімгер сағаты
«21» « 10» 2015 жыл
«Қазақ хандығына 550» - атты дөңгелек үстел
«11» « 11» 2015 жыл

«Нұргелді Мақажанұлы Уәлимен «Тілдегі толеранттылық пен ұлттық рухтың сақталуы» атты кездесу» -
«27» « 11» 2015 жыл
«Ұлы дала тарихы» - атты тәлімгер сағаты
«09» « 12» 2015 жыл

Республикалық университетттер арасындағы қысқы «Универсиада» 2016 жыл

Филология мамандығының 1 курс магистранттары қысқы «Универсиада» 2016 жыл.