Негізгі бет
Жаңалықтар
02.10.2020
Құрметті оқытушылар, әріптестер!
Баршаңызды кәсіби мерекеміз - Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Жоғары білім беру жүйесінің маңызды миссиясы мен міндеттері бар. Өйткені дәл осы жоғары оқу орындары мемлекет құрып отырған болашақ мамандарды: экономистер, әлеуметтанушылар, заңгерлер, журналистер, инженерлер мен мұғалімдерді даярлайды. Олардың ішінде мұғалімдер ерекше орын алады. Еліміздің болашағы тәуелді болатын басқа мамандықты атау қиын. Балаларға деген сүйіспеншіліктеріңізбен және таңдаған қызметтеріңізге деген жауапкершіліктеріңізбен сіздер лайықты шәкірт тәрбиелейсіздер.
Мұғалім жеке тұлғаны-лайықты азамат пен қоғам мүшесін қалыптастырады. Бұл біздің даналығымыз бен тәжірибемізге, жоғары азаматтық ұстанымымызға, жас ұрпақтың ересек өмірге қалай қадам басатынына, жастар қандай адамгершілік нұсқауларға ұмтылатындығына байланысты. Бүгінгі таңда мектепке сауатты, жауапты және ынталы мұғалімдер қажет. Біздің университет дәл осындай тәрбие беретініне сенімдімін. Абай атындағы ҚазҰПУ - жоғары кәсіби педагогикалық кадрларды даярлаудың жетекші орталығы және бүгінде ол Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға бар күшін салуда.
Университетте жоғары білікті мамандар даярлаудың көп деңгейлі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр, бұл біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «жұмыс жасайтыны» сөзсіз. Алға қойылған міндеттерді орындау Абай Университетіне елдің жоғары білімінің флагманы және ғылым мен құзыретті дамытудың халықаралық танылған орталығы болуға мүмкіндік береді. Біз кез-келген мақсатқа қол жеткіземіз.
|