қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.10.2020

«Жазушымен сұхбат» халықаралық онлайн-семинары

 

2020-жылдың 5-қазанында Zoom онлайн-платформасында «Жазушымен сұхбат» тақырыбы бойынша халықаралық семинар болып өтті. Онлайн-сабақтың ұйымдастырушылары: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаменті мен Цюрих университеті славянтану институтының ғылыми қызметкері Ольга Буренина-Петрова, Абай университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Людмила Сафронова, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 3-курс докторанты Елена Шмакова.

 

Аталған іс-шараға Цюрих университетінің студенттері мен Абай университеті орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранттары қатысты. Семинардың қонағы - қазақстандық ақын және жазушы, халықаралық сыйлықтардың иегері Юрий Серебрянский. Жазушы өзінің мамандығы, шығармашылығы жайлы студенттер мен магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, онлайн-әдебиеттің болашақтағы даму жолдары туралы өз пікірімен бөлісті.

 

   

 

Ғылым департаменті