Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Математика, физика және информатика факультеті / Кафедралар / Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы / Ғылыми- зерттеу қызметі Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының құрамы: 1 - ҚР ҰҒА академигі, 1 - ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 8 - ғылым докторы (профессор, профессордың м.а.), 14 - ғылым кандидаты (доцент, қауым.профессор м. а.), 8 - PhD (аға оқытушы), 15 - магистр (аға оқытушы, оқытушы). Кафедрада информатика және білімді ақпараттандыру саласындағы жетекші ғалымдар, жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді.
2020-2023 жылдары кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын үш ғылыми-зерттеу жобасына, Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты бойынша екі ғылыми-зерттеу жобасына қатысады. Кафедра қызметкерлері есепті кезеңде 5 монография, 4 оқулық, Web of Science және Scopus-та индекстелген импакт-факторы бар журналдарда 8 мақала; жақын және алыс шетелдердің ғылыми журналдарында 40-қа жуық мақала жариялады.
2018 жылдан бастап «8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» (6D011100 - Информатика) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру бойынша диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Диссертациялық кеңестің төрағасы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е. Ы.Бидайбеков.
Кафедра студенттері мен магистранттары ЖОО ішіндегі жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға, түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сондай-ақ, білім алушылар кафедраның қоғамдық және тәрбие жұмысына, қала мен елдің маңызды іс-шараларына белсенді қатысады.
2021-2022 жылдары өткізілген ғылыми іс-шаралар туралы ақпарат 2021-2022 жылдары біліктілігін арттырған ПОҚ тізімі 2021-2022 жылдары патенттер мен авторлық куәліктерді алған ПОҚ тізімі 2021-2022 жылдары Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі
|