Негізгі бет
Жаңалықтар
13.10.2020 «Қазақ тілін қатысымдық (коммуникативтік) бағытта оқыту парадигмасы: мазмұны, құрамы, әдіс-тәсілдері» семинары
2020 жылы 9 қазанда «SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілін қатысымдық (коммуникативтік) бағытта оқыту парадигмасы: мазмұны, құрамы, әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.
Семинардың спикері ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор, Абай атындағы Қаз ҰПУ жанындағы «Латын ғылыми-практикалық орталығының» директоры, «Қазақ тілі» пәнінен мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламалардың, көптеген оқулықтар мен авторлық оқу-құралдарының, тілдік коммуникация саласындағы бірқатар ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы - Фаузия Оразбаева болды.
Семинарға республикалық, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары,оқытушылар, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтар, Республикалық білім беру ұйымдары және ЖОО ұстаздары - барлығы 207 адам қатысты.
Семинар барысында үлестірмелі материалдар мен әдебиеттерді пайдалану бойынша ұсыныстар талқыланып, төмендегі мәселелер қарастырылды: 1. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда коммуникативтік бағыттың алатын орны, маңызы. 2. Коммуникативтік бағыт, түсініктемесі, түрлері. 3. Тілді оқыту мен қатысымдық бағыттың байланысы. 4. Қазақ тілін оқыту жүйесінде қатысымдық бағыт арқылы меңгерілетін білім мазмұны. 5. Тілді оқытуға қатысты игерілетін дағдылардың құрамы. 6. Сабақ барысында қолданылатын қатысымдық әдістің амалдары мен тәсілдері, оларды іске асырудың тиімді жолдары. 7. Қатысымдық бағыттың түпкі нәтижесі.
Барлық қатысушыларға үлестірмелі материалдар таратылып, сертификаттар берілді.
|