12 сәуір 2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Көптілді білім беру институтында «Үш тілде білім беру - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Түркия, Египет, Иран және Қытай Халық Республикасынан танымал ғалымдар келді, сондай-ақ конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушы және магистранттар қатысты. Конференцияның алға қойған мақсаты, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» жобасы негізінде өтіп, қатысушылар өз ойларын білдірді.
Пленарлық мәжілісте төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
1. Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақ Ұлттық Академиясының академигі. Құттықтау сөз.
2. Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы - ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Көптілді білім беру институтының директоры. «Factors of Trilingual Education influencing children`s cognitive development»;
3. Доктор - Ахмед Дагдуран (Турция). «Турецко-Казахские историко-культурные взаимосвязи»;
4. Доктор Хемдан Ибрагим - Мысыр, Араб Республикасы Елшілігі жанындағы Білім және Мәдени істері орталығының директоры. «Актуальность изучения арабского языка в Казахстане на современном этапе»;
5. Shaban, Ali Ali - Prof. Dr. Al-Azhar University, Cairo, Egypt. «Lingua-social Problems Involved in Multilingual and Multicultural Societies»;
6. Мирзоев К.И. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор.
«Историко-культурные взаимосвязи народов Евразийского континента»;
7. Әбуов Ж.Ә. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор. «Үштілділіктің тиімді моделі және тұжырымдама жобасының ғылыми негіздері»;
8. Кондубаева М.Р. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы. «Синергетический подход. Модели теории и технологии трёхъязычного образования»;
9. Букабаева Б.Е. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіби шетел тілі коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. «Көптілді маман - көпмәдениетті меңгерген тұлға ретінде»;
10. Кемелбекова З.А. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіби шетел тілі коммуникациясы және аударма ісі кафедрасыныңмеңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. «Үштілдік - көпмәдениетті тұлға қалыптастыру негізі ретінде».
Конференцияның жабылу салтанатында, мазмұны жағынан ғылыми мақала берген қатысушыларға сертификат берілді. Конференцияны Шығыс тілдері кафедрасы (кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор К.И. Мирзоев) және арнайы мақсаттағы шетел тілдері кафедрасы (кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.О.Искакова) ұйымдастырды.