|
| |
Кафедра тынысы Сәндік қолөнер кафедрасы 1988 жылы ашылып, «Сызба геометриясы және еңбек» кафедрасы негізінде құрылды. Кафедра Сәндік қолөнер, Дизайн, Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Кафедрада тәжрибелі педагогтар, атақты суретшілер мен сәндік өнер шеберлері жұмыс жасады - [Шоқпаров Дәркембай], Журавлев Н.С, қазіргі уакытта п.ғ.д., профессор Альмухамбетов Б.А., п.ғ.к., доцент Дехтяренко Л.П., п.ғ.к., Белов А.П., профессор Тұрдығұлов Ж.А., профессор Ордабеков Т., доцент Нүрке М.С., п.ғ.к., Қабижанова Г.К., п.ғ.к. Қанапьянова Р.Х., доцент Ақбаева Ш.А., т.б. 1988 жылдан 2000 жылға дейін сәндік қолөнер кафедрасын ҚР Сурешілер Одағының және ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, Дизайн академиясының корреспондент мүшесі Атамкулов Болат Акмолдаұлы басқарды. 2000-2004 жж сәндік қолөнер кафедрасын Нуразхан А басқарды. 2005-2008 жж п.ғ.к, доцент Адамкулов Н.М. 2008-2010 жж ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, доцент Садыгулов Р.С басқарды. 2010-2014 жж ҚР Сурешілер Одағының және ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Атамкулов Б.А., басқарды. 2014-жылдың қараша айынан п.ғ.к. Сманова А.С. басқаруда.
|