қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2020

Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының сегізінші вебинары


2020 жылдың 21 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі ұйымдастырылды және басталды (ұйымдастырушы және модератор - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мовкебаева З.А.). Виртуалды зертхана қызметінің негізгі мақсаты - арнайы және инклюзивті білім берудегі алдыңғы қатарлы теориялық және практикалық тәжірибені ұсыну және тарату.


Виртуалды зертхана қызметі аясында 2020 жылдың 21 қазанында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды (тұлғаларды) компенсаторлық, қосымша және техникалық құралдармен қамтамасыз ету» тақырыбындағы сегізінші вебинары өткізілді. Вебинар спикерлері: ЖШС «САТР» «ӘБЕО» орталығының бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Роза Айтжанқызы және ЖШС «САТР» «ӘБЕО» орталығының қызметкерлері Ерменова Меруерт Рахматуллаевна және Хаткулиева Гульбостан Тургановна болды.


Вебинар жұмысына облыстық және аудындық білім беру басқармаларының өкілдері, мектепке дейінгі, мектеп, техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының әкімшіліктері мен педагогтары қатысты.