қазақша · русский · english
   
Саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасы
 Абсаттаров Раушанбек Бурамбаевич
Кафедраның құрметті профессор-кеңесшісі
Философия ғылымдары докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-318-96-37
email:absat41@mail.ru

 

Кафедра Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторанатура институтының оқу және ұйымдастыру құрылымы ретінде 2009 жылдан бері жұмысын атқаруда. 2014-2015 оқу жылында институттың таралуына байланысты қазіргі уақытта тарих факультетінің құрылымында.
Кафедра меңгерушісі - тәжірибелі ұйымдастырушы, жоғарыбілікті ғалым, жас ғалымдардың ұстазы және педагог Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор Раушанбек Борамбаевич Әбсаттаров.
Кафедра PhD докторанттарды 3, магистранттарды 5 мамандықтар бойынша даярлайды (2014-2015 оқу жылының қараша айынан бастап, алтыншы - «Халықаралық қатынастар» мамандығы «Халықаралақ қатынастар» факультеті құрамына берілді.
Кафедрада Франция мемлекеттік университетінің Саясаттану және социология кафедрасы -Лион-2, Ресей Федерациясының Халықтар достығы, Турция Республикасының Стамбул, Ұлыбританияның Лондон, Оңтүстік Кореяның Чоннам университеттерімен, Киевским и Белорусь мемлекеттік университеттерімен, Германияның Бундесфера Академиясымен, Испанияның Гранада университетімен, т.б. оқу орындарымен ғылыми-шығармашылық байланыс орнатқан.
Кафедраның ғылыми мектептері бағыттары бойынша мақсатты республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Анкара (Турция) университеті бірлесіп өткізген Екінші «БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ» Халықаралық симпозиумы, 16-17 мамыр 2013 ж., «Кедендік саясат және ұлттық кауіпсіздік», Халықаралық конференциясы, 25-26 сәуір 2014 ж., «Инновациялық ойшыл мамандарды кәсіби даярлау тұрғысындағы Қазақстан Республикасының стратегиясы» Республикалық конференциясы, 26-наурыз 2013ж, бар. Бұл ғылыми шаралар Доган Исмаил (социология докторы, профессор, Анкара университеті социология кафедрасының меңгерушісі), А.И.Куропятник, социология ғылымдары докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің социология және әлеуметтік антропология кафедрасының меңгерушісі, Тюфекчиоглу Хаяти, социология докторы, Стамбул университетінің профессоры, М.Х. Ганиева, социология ғылымдары докторы, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университетінің профессоры, Иоганн Рау, философия ғылымдары докторы, Германияның Бундесфер Академиясының профессоры сиқты белгілі ғалымдардың қатынасуымен өтті. ҚР ҰҒА ғалымдарының, Алматы қаласы Әкімшілігінің ішкі саясат департаменті мамандарының қатынасуымен Дінге байланысты қоғамдық мәселелер талқыланған «Дөңгелек стол» өткізілді, Араб елдерінің елшілерімен қызықты кездесулер магистранттар үшін жаңа кеңістіктер ашты деуге болады. Қонақтар магистранттарды араб елдерінің ішкі және сыртқы саясатымен және мемлекетаралық қатынастардың болшағымен таныстырды.
Кафедраның алдыңғы қатардағы ғалымдары шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарына лекция оқуға және ғылым мен практиканың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісуге шақырылып тұрады. Тек 2014, 2015 жылдары Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор Р.Б. Әбсаттаров Чоннам ұлттық университетінде (Оңтүстік Корея) лекция оқып қайтса, философия ғылымдары докторы, профессор, дінтанушы А.И.Артемьев Еуропа, Африка, Латын Америкасы мұсылмандарының Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Съезіне қатынасып, 33 мың адам алдында сөз сөйледі (2014 жылдың тамыз айының аяғы-қырқүйек айының басы). Профессор сөзі «Thereviewofreligions»- October, 2014 журналында жарияланған; Краковта (Польша) «Діни ұйымдардың қызметінің құқықтық аспектілері» атты тақырыбында Бригама Янга атындағы (Прово, Юта, США) Халықаралық құқық орталығы мен дінтану университеті, Ягеллонск дінтану институты (Польша) ұйымдастырған халықаралық конференциясына және Балтия елдері мен Киев (Украина), Москва (Россия) ұйымдастырған діннің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатынасты; Индияның Кадиан қаласында 12700 адам қатынасқан Джалсе жиынына қатынасып, сөз сөйледі; Индия сикхыларының Алтын храмында болып, сикх сенімшілерінің культтық тәжірибелерін зерттеді; Индиялық бахаи діні сенімшілерінің Делидегі Лотос - Бас Храмында болып, осы дін сенімшілерімен мазмұнды әңгіме жасады(2014, желтоқсан айының аяғы- 2015, қаңтар айының басы).
Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Т.Ж.Қалдыбаева Уфа және Алматы қалаларында өткен Тюркітілдес елдер әлеуметтанушыларының 1V-ші және V-сі Конгресстерінде, Анкара мен Алматыда өткен Бірінші және Екінші «Білім социологиясы» Халықаралық Симпозиумдерінде, Ресей Федерациясы ғылым Академиясы мен Росей әлеуметтанушыларының қоғамдастығы өткізген «Бала және қоғам» атты халықаралық конференциясында, ШОС елдерінің Ресейдің ғылым қорының қатынасуымен Уфа қаласындағы (Башкортостан) Авиациялық мемлекеттік университет базасында өткізілген әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының арабайланысы туралы халықаралық конференциясына ғылыми баяндамаларымен қатынасты.

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында жетекші ғалымдардың ғылыми мектептері негізделіп қалыптасқан және магистранттар мен докторанттардық қатынасуымен дамытылуда. Олар: «Этносаясаттану және этноәлеуметтану: теориялық-методологиялық аспектілер» (Р.Б.Әбсаттаров); «Білім социологиясы» және «Әлеуметтік аудит» (Т.Ж.Қалдыбаева); «Кедендік саясат» (Шалтыков А.И.); «Дінтану: теориялық аспектілері мен ғылыми-практикалық проблемалары» (Артемьев А.И.).
Кафедра мамандықтарының Модульдік білім бағдарламалары мен таңдау пәндері каталогіне ғылыми мектептер бағыттары мен проблематикасына сай пәндер енгізіледі. Докторлық және магистерлік диссертациялар тақырыптарын анықтап бекіту барысында да ғылыми мектептер мен кафедралық зерттеулер бағыттары ескеріледі.
Докторанттар мен магистранттардың ғылыми мақалалары басқа басылымдар мен қатар Абай атындағы ҚазҰПУдің Хабаршысында, «Социологиялық және саяси ғылымдар» сериясы, жарияланып тұрады. Бұл «Хабаршы» сериясы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің жарлығы бойынша 23.00.00 және 22.00.00 мамандықтары бойынша диссертациялық жұмыстар нәтижелерін жариялайтын арнай тізімге енген басылым. «Хабаршы./Вестник журналының бас редакторы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор Р.Б. Әбсаттаров
Кафедра өңірлік жоғары оқу орындарына магистранттар мен PhD докторнаттарды даярлауға қолдау жасап келеді. Басты назарда оқушылардың білім сапасы мен ғылыми шығармашылық қызметі. Жоғарыдан кейінгі ғылыми-педагогикалық кәсіби даярлықтың маңызды кезеңі - зерттеу практикасы. Зерттеу практикасы профильдік ғылыми-зерттеу институттарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының философия, саясаттану және дінтану институтында өткізілуде.

Кафедра жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының 70 пайызы ғылым докторлары, профессорлар. Тек соңғы 5 жылда кафедра оқытушылары 14 монография, 10 оқулық пен оқу құралдары, 700 ғылыми және ғылыми-публистикалық мақалалар жариялады. Оның 150-шет елдерде.
Жыл сайын шет ел университеттерінің білікті ғалымдары лекциялар өткізуге шақырылып тұрады.

 

Кафедра орны: 050010, г.Алматы, улица Жамбыла, 25,
( Ш.Уалиханов көшесі қиылысы). Кабинеттер- 207, 206, 204.
Тел: 8 (727) 291 76 43.