қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2020

Белгілі географ-ғалым және саяхатшы Орденбек Блисбековичпен шеберлік сағаты

 

2020 жылдың 26-28 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында «Туристік өлкетанудағы экологиялық іс-әрекеттің педагогикалық мәні» тақырыбында үш күндік шеберлік сағаты өтті.

 

Шеберлік сағат спикері - профессор, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Антарктидаға ғылыми экспедицияның мүшесі, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың 180 жылдығына арналған ғылыми-танымдық жорықтың, сонымен қатар көптеген халықаралық экспедициялардың қатысушысы - Мазбаев Орденбек.

 

Іс-шараны Жаратылыстану және география институтының директоры, г.ғ.д., профессор Күләш Каймулдинова ашты.


Модератор - б.б.б. көшбасшысы, аға оқытушы,  Думан Алиаскаров.

 

Шеберлік сағат 6 бағыт бойынша өтті:
1. Ғылыми экспедициялардың географиялық білімді жаңартудағы рөлі;
2. Шоқан жүрген жолмен... Қашқария сапары;
3. Оңтүстік полюс (Антарктида) экспедициясы;
4. Қазақ Географиялық Қоғамы мен MERCUR AUTO компаниясының басшылығымен "Қазақстан аңыздары" автоэкспедициясы;
4. Көшпенділер - ұлы өркениеттердің бастауы;
5. Бабалар ізімен... Белгілі меценат Сапар Искаковпен саяхат

 

Сондай-ақ, білім алушыларға Орденбек Білісбекұлы өзі қатысқан экспедициялардан алынған фильмдерден үзінділер көрсетілді. Атап айтқанда, «24 сағат табиғат құшағында» жобасы. 15 сериядан тұратын бұл шытырман оқиғалы жоба көрермендерге бүгінгі күні көпшілікке белгісіз және терең тарих қойнауында қалып отырған Қазақстанның қасиетті жерлерін көрсетуді мақсат еткен. Келесі, «Оңтүстік полюс (Антарктида) экспедициясы» деректі фильмі (108 сағат) Қазақстандықтардың үш автокөлікпен Антарктидаға екі жарым мың шақырымға жуық жол жасаған экспедициясы жайлы көрсетіледі. Және, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған Қашғар қаласына «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» ғылыми-танымдық экспедициясының видеосы.

 

Көрсетілім қорытындысы бойынша спикер туризм мамандарының кәсіби дағдыларын арттыру үшін өз кеңестерін берді.

 

Мастер-класстың соңғы күні зерттеулердің ғылыми аппараты қалай қалыптасатынына, бітіруші курстардың, магистранттардың және PhD докторанттардың ғылыми зерттеу тақырыптарына арналды.