қазақша · русский · english
   
Магистранттар практикасы мен ғылыми-зерттеу тағлымнамасы

 

Ғылыми тағлымнама

 

Биыл мен білім беру бағдарламасы шеңберінде Литва Эдукологиялық университетінде білім алдым. Бұл университет Литваның астанасы Вильнюс қаласында орналасқан. Университет халықаралық ынтымақтастыққа белсене қатысады, академиялық байланыс және екіжақты келісім негізінде білім алушылармен алмасу бағдарламасына қатысады.

 

 

Университет барлық келген білім алушыларға жатаханадан орын берді. Әрбір білім алушы Вильнюстың керемет көрінісін тамашалауға болатын екі немесе үш орындық нөмір таңдап ала алды.

 

 

Орналасқаннан кейін, куратордан сабақ кестесін алған барлық білім алушылар сабаққа барды. Университет жатаханадан 40 минуттай жаяу жүретін жерде орналасқан. Университетке автобуспен, жалдамалы көлікпен баруға болады. Алайда білім алушылардың көбі университетке жаяу баруды таңдады, сол арқылы қаланы білуге, оның әртүрлі көрікті жерлерін тамашалауға тырысты.

 

 

Мен Білім беру ғылымдары факультетінде төмендегі курстарды тыңдадым:
1. Problems of Philosophy and Education at the Intercultural Communication
2. On Building our students` Intercultural Communicative Competence
3. Culture and Education: two sides of the same coin
4. Политика образования
5. Обзор литовского искусства и культуры
6. Основы здорового образа жизни

 

 

Барлық дәрістер өте қызықты және танымдық жағынан маңызды болды. Әрбір курс барсында оқытушылар қызықты мысалдар келтіре отырып, көрнекі оқу құралдарын, презентациялар қолданды. Мысалы, «Обзор литовского искусства и культуры» курсынан біз Литва туралы толығырақ білдік. Аталған курсты тыңдағаннан кейін, біз бір топтағылар Литваның көрікті жерлерінің бірі Тракай қамалын тамашалауға бардық.

 

Тракай қамалы - Литвада осы күнге дейін сақталған ежелгі қамалдардың ең үлкені. Ол литвалық князьдардың ежелгі резиденциясы - Тракай қаласында орналасқан. 1962 жылдан бастап қамалда Тракай қаласы тарихының мұражайы жұмыс істейді. Қамалдың құрылысын, тұрмыстық заттарды, қолөнер туындыларын және т.б. тамашалу өте қызықты болды.

 

Демалыс кезінде біз тобымызбен Еуропа елдерін аралап, мини-тур ұйымдастыруды ұйғардық. Маршрутты нақтылағаннан кейін, автобусқа билет алып, біз өз саяхатымызды бастадық. Біз Польша, Чехия, Словакия, Австрия секілді мемлекеттердің астаналарын араладық. Бұл мемлекеттер өзара жақын орналасқанымен, бір-біріне ұқсамайды. Әрбір қаланың өзіндік, қайталанбас келбеті бар. Мысалы, Вена қаласынан Еуропаның музыкалық астанасы екені байқалады. Көшелерінде ұлы классиктердің шығармаларын керемет ойнайтын музыканттарды кездестіруге болады. Вена қаласының жастары музыкалық аспаптарды шебер меңгерген, көпшілік орындарда жоғары деңгейлі музыка орындалынады және бұндай мысалдады көптеп келтіруге болады.

 

Прага болса, Чехия мемлекеті барынша сақтауға және қорғауға тырысатын өзінің өзіндік архитектурасымен таң қалдырады. Мені Карлова көпірінің маңайында аққулардың көп болуы таң қалдырды. Сол әдемі құстарды қоректендіру менің көңіл-күйім көтерді. Бір қызығы, бұл ғажайып құстар ешқайда ұшып кетпейді екен. Олар Прагада қыстап қалады, өйткені қысқы Праганың ауа-райы оларға қолайлы.

 

Мини-турдан келген соң, біз университеттегі оқуымызды жалғастырдық. Оқытушылардың қолданатын әділ-тәсілдері қызық, олар білім алушылардың қызығушылығын сақтау үшін, әрдайым аудиториямен тығыз байланыс орнатуға тырысады. Мен өзіміздің магистранттарға да көңіл бөлгім келеді. Біздің топ барлық сабақтарға белсене қатысты, қандай да бір мәселелер бойынша жоғары білім деңгейін көрсете білді.

 

Сонымен, мен аз уақыт болса да, Литва Эдукологиялық университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болғаныма, сондай-ақ, Еуропа елдерін аралағаныма ризамын. Бұл менің ой-өрісімді кеңейткен және айтарлықтай естелік қалдырған тәжірибе болды.

 

  

 

  

 

 

Магистрантардың педагогикалық іс-тәжірибеден өтетін негізгі базалары Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерватория, Қазақ мемлекеттік қыздар университеті, және Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс істеу факультетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы.
Екінші курс магистранттары ғылыми зерттеу іс-тәжірбиелерін ҚР БҒМ Философия, саясаттану және және дінтану институтында, «Әлеумет» әлеуметтанулық және психологиялық зерттеу орталығында, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен ҚР БҒМ ғылыми комитетінің А. Байтұрсынов атындағы ҚР ҰҒА Шығыстану институты базаларында өтеді.
Ғылыми жетекшілер және зерттеу тәжірибесі жетекшілерімен байланыста зерттеу жұмыстарымен айналыса жүріп, магиситранттар ғылыми-зерттеу тәжірибесі кезінде диссертациялық жұмыс бойынша нақты мәліметтер жинақтаумен айналысады, нақты практикалық зерттеулер жүргізеді, диссертацияларын ғылыми-тәжірибелік мәліметтермен толықтырып, негізгі ғылыми идеяларды іс жүзінде сынақтан өткізеді.
Магистранттардың шетелдік іс- тәжірибесі педагогикалық және зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады. Қазіргі уақытта магистрлер тағлымнамасының негізгі базалары- Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары мен Қырғызстанның Ғылыми академиясы және Бішкек қаласындағы Қырғыз экономикалық университеті.
Кафедра магистранттары іс- тәжірбиеден өту кезінде жетекші ғалымдардың дәрістерін тыңдады, соның ішінде Чоннам ұлттық университетінің профессоры Lim Chae-wanның «Этникалық топтардың қатынасы», профессор Ким Ен Сольдың «Ұлттық қатынастарды зерттеу», профессор Хван Сан Суктың «Этникалық диаспорадағы экономикалық желі» тақырыптары бойынша дәрістерін тыңдады.