қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2016

Халықаралық білім беру кластері аясында 2016 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан мен Ресейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан), В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (Красноярск, Ресей), Лесосибирск педагогикалық институты - Сібір федералдық университеті филиалы (Лесосибирск, Ресей) және Алматы, Красноярск, Лесосибирск және Ачинск қалаларының бірқатар мектептерінің базасында және де IT-бизнес өкілдерінің қатысуымен қорытынды Мега-сабақ өткізілді.
Мега-сабақ тақырыбы мен мақсаттары - оқушыларға ойын бағдарламаларын программалауды оқыту, педагогикалық ЖОО студенттері, магистранттарына Мега-сабақтар жүргізу технологиясын оқыту және қашықтықтан тьютор болу рөлін меңгеру, мектеп информатика мұғалімдерінің желілік және бұлтты технологиялар саласындағы біліктіліктерін арттыру, ЖОО оқытушыларының бірлескен зерттеулері және олардың идеяларын болашақтың білім беруін дамыту үшін жүзеге асыру.
Мега-сабақтың жетекші модераторы - В.П. Астафьев атындағы КМПУ-дың 2 курс магистранты Сорокин А.Н.
Ойын бағдарламаларының басты сарапшысы - ф.-м.ғ.к., В.П. Астафьев атындағы КМПУ информатика және ақпараттық технологиялар базалық кафедрасының доценті Романов Д.В.

Қазақстандағы бағыт беруші - информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының «6D011100-информатика» мамандығының 2 курс PhD докторанты Аккасынова Ж.К.
Оқушылар ойын бағдарламаларын жасау үшін бірнеше жұмыс топтарына біріктірілді, олардың арасында әр қаланың мектеп оқушыларынан құралған бір халықаралық аралас топ құрылды. Жобалық жұмыстарды орындау барысында оқушылар үлкен қызығушылық, мақсаттылық, шығармашылық, жауапкершілік, мобильділік танытты.
Қорытынды Мега-сабақта топ өкілдері орындаған жұмыстары туралы баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың ойын бағдарламалары С, С++ (SFML), Python (Pygame), С# (Unity), Visual Studio, Visual Basic сияқты программалау тілдері мен технологияларында жасалған. Ойындар қызықты болды және де олардың жанры платформерден бастап аркадтар, паззлдар және логикалық ойындарға дейін түрленді.

   

 


2016 жылдың 20 сәуірінде өткізілген Мега-сабақтардың қорытындысы жасалды. Сарапшылар жұмысының нәтижесі бойынша Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушылары келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
- «Заманауи платформа», «Кластердің ең үздік презентациясы» (Мухамедкаримов Алишер, Джантыков Айдар);
- «Шығармашылық шешім» (Сман Абылай, Кожагапанова Жанель, Мұрат Ерасыл, Ермек Назерке, Кадыров Али);
- «Ойын механикасы» (Асқар Нәзік, Мұқатай Санжар, Жақан Назерке, Кельдибек Жансерик);
- «Ұтымды технологияны таңдау» (Төлеуов Жалғас, Бопаш Айдана, Зинелов Ернияз, Каипова Аружан).

   

 

Мега-сабақты ұйымдастырушылар халықаралық білім беру кластерінің барлық қатысушыларына, оның ішінде Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның директоры Сакенова Рахимаға және информатика пәні мұғалімі Маметова Гүлназға білім беру мекемелерін бір халықаралық кластерге біріктіру инновациялық идеясын қолдағандары, оның табысты жұмыс істеуі мен дамуына септігін тигізгендері үшін шынайы ризашылық білдіреді.