қазақша · русский · english
   
Кафедраның тарихы

Лингвистика және әдебиеттану кафедрасы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде университеттің байырғы екі кафедрасы: орыс және жалпы тіл білімі кафедрасы мен орыс және әлем әдебиеті кафедрасы негізінде құрылды.Қазақстанға әйгілі екі кафедраның даңқты дәстүрі, бұл күнде 12 адамнан тұратын ғалымдар жалғастырып отыр. Мұнда 2 ғылым докторы : профессор С.Д. Әбішева мен профессор Р.Қасымова, 9 ғылым кандидаты,оның төртеуі профессор академиялық атағының иегері : Ш.Т. Кожакеева, С.А. Никитина, М.И. Ұйықбаева, Л.В. Эглит; 5-доцент: Р.У. Арзиев, А.К. Казкенова, Е.А. Ломова, Т.С. Ошкина, З.Н. Поляк. Кафедра оқытушылары: Р.У. Арзиев - ҚР журналистер одағының мүшесі,тәуелсіз «Ильхам»сыйлығының лауреаты А.К. Казкенова -Жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендияның (2010 - 2012 жж.) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының иегері , С.А. Никитина -орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының құрмет грамотасының иегері, М.И. Ұйықбаева, - Тұңғыш Президенттің «Болашақ» желісі бойынша грантының иегері, С.Д. Әбішева Таллинн университетінің хабилитациялық комиссияның мүшесі , Р.Т. Қасымова - ведущим экспертом Тбилисси университетінің жетекші сарапшысы (Грузия), С.А. Никитина - Халықаралық педагогикалық қауымдастық жанындағы, орыс тілін қорғау кеңесінің мүшесі, (Ресей, Мәскеу).

Кафедра оқытушылары Қазақстанның белгілі басылымдарының; Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысының филология сериясы және «Қазақ әдебиеті» (С.Д. Әбішева) «Орыс тілі» (Р.Т. Қасымова), «Педагогика және психология» (А.К. Казкенова) редколлегия мүшесі ретінде тығыз қарым - қатынаста.

Кафедра Таллинн университімен, Тбилисс университетімен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен, Герцен атындағы Санкт Петербург мемлекеттік педагогикалық университетімен , ЧГПУ, с Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалымен., М.Әуезов атындағы Оңт.ҚазМУ, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа да көптеген университеттермен тығыз қарым -қатынас орнатқан. Ол көптеген жылдар бойы Қазақстандағы орыс мектептері мұғалімдері Ассоциациясымен Н. В. Вдовина арқылы бірлесе қызмет атқарады. Кафедра мүшелері белсенді қоғамдық жұмыс атқарады. Қалалық және облыстық ӨБК біліктілік жетілдіру курстарында лекциялар оқиды, мектепішілік ғылыми жобалардың жетекшілері болып табылады, аудандық, қалалық және облыстық ғылыми жобаларды қорғау мен олимпиадалардың әділ қазылар мүшесі. Кафедра бітіруші түлектер практикадан өтетін, ал оқытушылар мұғалімдер мен оқушыларға кеңес беретін жалпы білім беретін №№ 12, 94, 165, 153, 33, 1, 131 және т.б. мектептермен келісім-шарт жасасқан.

Доценттер З.Н. Поляк, Т.С. Ошкина, профессор Л.В. Эглит студенттермен үйірме жұмыстарын жүргізеді.Кафедраның барлық мүшелері эдвайзерлікпен және жетекшілікпен айналысады.

Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы орасан зор әдіснамалық және ғылыми әлеуетке ие бола отырып, бұл күнде Қазақстандағы филология кафедраларының арасындағы жетекші кафедраның бірі болып табылады.