қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.11.2020

Халықаралық байланыстар нығаюда


2020 жылдың 6 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Болгария елінің София қ. Әулие Климент Охридски атындағы София университеті ұйымдастырған «Современные тенденции физической культуры и спорта» тақырыбында ХІІ-халықаралық ғылыми онлайн-конференциясына қатысты.

 

Конференция басталар алдында кафедра меңгерушісі Е. Мухиддинов еліміз, оқу орны, мамандық жайлы қысқа да, қызғылықты, шетелдік әріптестердің назарын аударарлық ақпарат бере отырып, таныстырылымдық тұрғыда сөз сөйледі. Ғылыми конференция спикері, София университеті Спорт департаментінің профессоры Анжелина Янева қазақстандық қонақтың баяндамасын өз әріптестеріне аударма түрінде жеткізіп, өзара қызметтестік жасасуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Аталмыш оқу орнының ғалымдарымен сонау 2013 жылдан бері қарым-қатынас жасап жүрген кафедраның профессоры м.а., п.ғ.к. Сейсенбеков Е.К. да конференцияға жіберген мақаласын баяндап беріп, болгар әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Конференция соңында екі оқу орны арасында өзара қызметтестікті одан әрмен жалғастыру, екі оқу орнының оқу және спорттық базаларында спорттық іс-шараларды, академиялық ұтқырлықты өткізу және басқа да қызметтестік жөнінде келісім-шарттар жасалынатыны жөнінде алдын-ала келісімдер жүргізілді.