Негізгі бет
Жаңалықтар
10.11.2020 Онлайн және офлайн оқыту бойынша халықаралық пікірталас
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Online or Offline Education, What is the Best Option?» (Онлайн әлде офлайн білім беру, қайсысы тиімдірек?) тақырыбында халықаралық дебат болып өтті.
Пікірталас Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті (Торосян Лия Давидовна, Григорян Армине Эдуардовна - шет тілдер кафедрасы меңгерушісі) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (үйлестірушілер: Казына Бекбенбетова - Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Баян Сапаргалиева - Халықаралық бағдарламалар және әріптестік бөлімі басшысы, ғылыми жетекші - Айгуль Жумабекова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры) тарапынан ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара дебатқа қатысушылардың өздері білім алушылар, яғни аталған жоғары оқу орындарының студенттері және магистранттары болуымен ерекшеленді.
Қатысушылар екі топқа бөлінді: мәскеулік университет білім алушылары өз көзқарасын офлайн білім беруді қолдап негіздеді, ал біздің магистранттар мен студенттер онлайн білім берудің тиімділігін айтып пікірлерін ортаға салды.
Талқылау барысында «офлайн оқытудың» тиімділігіне тікелей оқытушылардан кеңес алу, достарымен «бетпе-бет» қарым-қатынас жасау, университетте КТА, халықаралық конференциялар және т.б. іс-шараларды өткізу мүмкіндігі аталды.
Онлайн оқытудың тиімділігі, мәселен магистранттар үшін жолға уақыт шығындамай, оқу мен жұмысты қатар үйлестіру мүмкіндігі болып табылады. Онлайн оқытудың болашақтың білім беруі екені аталып өтті, әсіресе қазіргі кездегі пандемияға байланысты әлемде қалыптасқан жағдайда бұл өзекті болып тұр. Сонымен қатар, қазақстандық онлайн оқыту жүйесі арнайы онлайн білім беру платформаларын дамыту және жақсартуға жақсы мүмкіндігі бар. Біздің білім алушылар униветситетте қолданылатын «Универ», «MOODLE» жүйелері және өзге де интернет-технологиялар жайлы айтып өтті.
Дебат ағылшын тілінде жүргізілгендіктен, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан «Аударма ісі» мамандығы 2 курс магистранттары Зарина Есбулатова, Наурызбай Абдрасил, Таншолпан Ташай, «Шет тілі» мамандығы 1 және 3 курс студенттері Наду Диана және Жазиева Томирис қатысты. Мәскеу университеті оқытушылары біздің қатысушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары екенін атап өтті, бұл оларға білім беріп отырған оқытушылардың мақтанышына айналды.
Халықаралық дебат достық жағдайында қызықты өтті. Студенттер өзара танысып, бұдан былай бір-бірімен достық қарым-қатынас орнататын болады.
Біздің тараптан қатысқан білім алушылар ресейлік жетекші оқу орны дипломымен марапатталды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті
|