Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
09.11.2020 Алматы қаласында Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары қызметін атқарған.
Бұл қызметке ол Әбілшайықов Нариман Бақтыбайұлының орнына келді. Нариман Әбілшайықов 2020 жылдың 30 қазанынан бастап, «Атамекен» ҰКП-сы Төралқасының шешімімен, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы 1986 жылы 29 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы және 2012-2014 жж Экономика және құқық академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.
2009-2010 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасында прокурордың аға көмекшісі лауазымында жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі болды.
2013-2015 жылдары Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары «ASIA INVEST LTD» ЖШС көпсалалы холдингінде жұмыс істеді.
2018 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2020 жылдың қазан айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде директорлар кеңесінің мүшесі.
Алматы қаласы әкімінің, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған, ҚР Әділет министрлігінің төсбелгісі бар.
09.11.2020 ж. Ақпарат көзі: almaty.tv
|