қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.11.2020

Кеңес беру семинары: онлайн және офлайн

 

2020 жылдың 10 және 11 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың № 225 мәжіліс залында Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаментінің білім сапасын сараптау және бағалау бөлімі сапаны қамтамасыз ету жүйелеріндегі (бұрын СМЖ) мәселелер; 2020/2021 оқу жылына арналған институттар мен кафедралардың іс номенклатурасы туралы; Университет жұмысының үрдістері бойынша кеңес беру семинарын өткізді.


Университет құжаттамасы, ішкі және сыртқы аудит жүргізуді ұйымдастыру, институттар мен кафедралардың істер номенклатурасын қарау және бекіту мәселелері талқыланды. 2019/2020 оқу жылындағы аудит нәтижелерімен және сәйкессіздіктер бойынша атқарылған жұмыстармен танысу жүргізілді.


Жауапты тұлғалар институт директорлары, олардың орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері қойған сұрақтарға жауап берді.


Офлайн режимінде құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты: Жанбаева Л.А., Сапаров Б.Ж., Усипов К.Т., Балахметова Г.К., Умирбекова Т.А., Байымбетова Г.А., Бекбенбетова К.А., Усейн Г.А., Шаимова Г.У., Шайзадина Б.А.. Онлайн режимінде - институт директорлары, институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, КЦҰҚ өкілдері және СҚЖ-ға жауаптылар шақырылды.