қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2016

2016 жылдың 20 және 21 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында "5В011100-Информатика" мамандығы бойынша VIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының педагогикалық ЖОО-нан он төрт команда қатысты. Олимпиада екі турмен өтті. Бірінші турда он төрт команда ұжымдық сайысқа түсті. Ұжымдық сайыста бірінші орынды Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің командасы иемденсе, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы екінші орынды Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетімен бөлісті. Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті үшінші орынан көрінді.
Жүзден жүйрікті таңдаған ұтқыр ойлы программистердің сайысында шешуші қадам жекелей команда мүшелерінің сайысы болды.
Жекелей сайыста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің студенті Р. Ерғожаева І орын, Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетінің студенттері: А.Жантілеуов пен А.Сарсенбек ІІ орынды иеленсе, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Бекбулатова Улдай мен Сәрсембек Алихан ІІІ орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Ж. Абдуллаевамен бөлісті.
Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді, аудиториялар заманауи технолиялармен жабдықталды.
Біріншіден, олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуіне жағдай жасағаны үшін аса құрметті ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиевке, Математика, физика және информатика институтының директоры М.Ж.Бекпатшаевқа, заведующему кафедры "Информатика және АТ" кафедрасының меңгерушісі А.С. Бердышевқа алғыс біліреміз.
Екіншіден, кафедра профессоры Г.З.Халықова мен доцент С.А. Нұғманова олимпиада жеңімпаздарын даярлағаны үшін аса жоғары құрметке лайық деп есептеп, алғыс білдіреміз.
Үшіншіден, кафедра оқытушылары А.Б.Жанбырбаев пен Е.А.Киселеваға, сондай-ақ, университеттің программалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы М.С. Оразымбетовке және университет инженерлеріне олимпиаданың ойдағыдай өткізілуін техникалық тұрғыдан сүйемелдегені үшін ерекше алғыс айтамыз.

    "Информатика және ақпараттық технологиялар " кафедрасы


Математики, физики және информатики  институтының директорыМ.Ж.Бекпатшаев және олимпиада жеңімпазы Сәрсембек Әліхан


"Информатика және ақпараттық технологиялар"  кафедрасының оқытушылары мен топ жетекшілері


Олимпиаданың ашылуы


"Информатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасының оқытушылары мен топ жетекшілері 


Абай атындағы ҚазҰПУ жеңімпаздары: Букбулатова Улдай, Сарсембек Алихан  және жетекші: Халикова Гулира Заманбековна


Олимпиада қатысушылары 


Бердышев А.С. және олимпиада жеңімпаздары

Олимпиада қатысушыларын тіркеу


Олимпиадаға қатысушылар


А.Б.Жанбырбаев  қатысушыларға нұсқаулықтар жүргізу барысында