қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.11.2020

Ректор Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты өкілдерімен кездесті

 


 

Кеше, 11 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сумермен кездесті. Бұл туралы ректор өзінің Facebook парақшасында жазды.

 

Такир Оспанұлының жазуынша, Вакур Сумер өзі басқаратын институт қызметі мен төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген ғылыми журналдарымен таныстырды.

 

«Біз ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, соның ішінде Абай университетінің ғалымдары мен жас ғалымдарының ғылыми мақалаларын жариялау мүмкіндіктерін талқыладық. Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Н.Келімбетов атындағы «Түркітану» орталығымен ынтымақтастықты нығайтуды ұсындым. Орталық 2014 жылы құрылған. Қазіргі уақытта орталық қызметін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін стратегиялық даму және интернационалдандыру, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректорлармен кездесті. Университет бірқатар міндеттер қойып, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позицияларға әсер ететін барлық бағыттар бойынша университеттің дамуының негізгі стратегиялық бағыттары мен индикаторларын анықтағанын атап өткім келеді. Ғылыми саланы дамыту жалғасуда: жобалар мен Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын жетілдіру, әлемдік деңгейге шығару жоспарланған ғылыми журналдарды оңтайландыру, жарияланымдарға сілтемелерді арттыру және т.б. Ғылыми-инновациялық және білім беру салалары біз үшін басым бағыт болып табылады» деп жазды ректор.

 

 

12.11.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com